Шеберлер байқауы

«Қоғамдық келісім» КММ тұрақты түрде көрме витринасы жұмыс істейді. Мұнда Ақмола облысы шеберлер одағы мүшелерінің жұмыстары ұсынылған. Олар өздерінің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсына отырып қалалық көрмелерге, жәрмеңкелерге үнемі қатысады.

Сонымен қатар Одақ мүшелері облыстың оқу орындарының шығармашылық мамандықтағы оқушылары мен студенттері үшін шеберлік–сағаттарын өткізеді. Одақ шеберлері қайырымдылық аукциондарына, акцияларға, байқауларға, фестивальдерге белсенді қатысады.

6 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ «Күз бояулары» тақырыбында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері арасында дәстүрлі байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – осы өнер саласындағы шеберлердің қызметін насихаттау, жас таланттарды қолдау және халық шеберлерінің жаңа есімдерін ашу. Байқауға 7 адам қатысты. Әр қолөнерші әр түрлі түстер мен орындау техникасында өзінің шығармашылық композициясын ұсына отырып, байқауға креативті түрде келді.Тоқыма және киіз басу, сабын жасау, мүсіндік композиция жасау, пісіру, табиғи материалдан жасанды бұйымдар жасау бойынша жұмыстар ұсынылды. Қазылар алқасы шеберлерді композицияның бірегейлігі, ұлттық колориттің болуы, жұмыстың таныстырылымына қарап бағалады. Қатысушылар өз жұмыстарын өлеңмен таныстырды. Қазылар алқасы әр жұмыспен толық танысып шықты. Нәтижесінде бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған Бойченко Марина, Полищук Виктория және Кочетыгова Олеся байқаудың жеңімпаздары атанды. Барлық қатысушылар «Қоғамдық келісім» КММ атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.