Тұрақты дамудың кепілі-еліміздегі тыныштық

Соңғы күндері елімізде халықты елеңдетіп отырған маңызды оқиғаның бірі, Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз еркімен өкілеттігінен бас тартып билікті жаңа буынға беріп, демократиянынң эволюциялық жолмен дамуының үлгісін көрсеткені елді ғана емес, әлем елдерінің басшыларын таңдандырып отыр.

Елбасының Жарлығымен Ел Президентінің міндетін атқарушы болып, елге танымал саясаткер Қасым — Жомарт Тоқаевтың тағайындалуы, еліміздің әрі қарай дамуында саяси сабақтастық өз жалғасын табады деген сенімді нығайта түсті. Қасым – Жомарт Тоқаев Қазакстан халқына жасаған Үндеуінде: «Мен Қазақстан Республикасының уақытша Президенті ретінде, Конституцияға сәйкес, «Президенттік сайлау» өткізу туралы шешім қабылдаймын», — деп осы жылғы маусымның 9-да кезектен тыс сайлау өтетіні туралы ақпарат құралдарында Қазақстан халқына жария етті.

Бұл Үндеудің Қазақстан халқы үшін саяси маңызы өте зор. Әрине, елдің тағдырын ойлап, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша, жайылған ақ дастарханға ел ақсақалы бата бергенде: «Қырда Қытай ойда орыс аман болсын», — деп берген батасы тек бір үйдің ғана емес, жалпы елдің тыныштығын, көрші елдің амандығын ойлағаны қандай даналық екеніне таң қалмауға болмайды. Сол дәстүрді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жасғастырып, дамытып, елімізді әлемге танытып, мойындатқанына куә болған бүгінгі ұрпақ қуанамыз, мақтанамыз. Қасым — Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «…тыныштық пен тұрақтылықты, және сыртқы саясатымызды ескере отырып өз Президентімізді сайлап алған жөн», — деген сөзінде, ішімізде де сыртта да, жеткен жетістіктерімізге қызыға да, қызғана қарайтындардың жоқ емес екендігін меңзеп тұрғанын терең түсініп, алдымызда өтетін сайлаудың саяси маңызыдылығын, еліміздің тыныштығын, ұрпағымыздың болашағын ойлап, саяси мәдениетиміздің жоғары екендігін білдіріп, алдағы сайлауда, азаматттық белсенділігімізді танытып сайлауға қатысып, әрбір қазақстандық азаматтың өз таңдауын жасауы қасиетті борышы деп түсінгеніміз абзал деймін.

Мейрамбек Қиықов,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

сәтбаевтанушы,

«Қазақ тілі мен мәдениеті»

қоғамдық бірлестігінің

төрағасы