М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен Көкшетау қ. М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша FCT мүшелері, ғалымдар, магистранттар, КТИ курсанттары, студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Отырыста аударылған 100 кітаптың алғашқы 18 кітабы талқыға түсті. Өткізілген іс-шараның модераторы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы ҚХА кафедра меңгерушісінің орынбасары т.ғ.к Қапышев А.Қ. болды. «Жақсы кітап-асыл мұра» «Қазақстан үшін жаһандық жоба» «Қоғамдық сананы қалыптастырудағы философиялық білімнің маңызы» тақырыптарында баяндама жасалып, талқыға түсті. «Қазақстан үшін жаһандық жоба» тақырыбында баяндама жасаған спикер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметік жұмыс» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Елубаев Риззат қазақ тіліндегі контенттің шұғыл арада дамытуды қолға алу керектігін алға тартты.


Толығырақ

Қоғамдық келісім сарайында Славян жазуы және мәдениеті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Славян жазуы және мәдениеті күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Өткен іс-шара Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен және «Ақмола облысы орыс қауымы» бірлестігінің ұйымдастыруымен атқарылды. Мерекелік кешке Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары,оқушы жастары қатысты.


Толығырақ

Қоғамдық келісім сарайына Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич басшылығымен делегация мүшелері келді

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-не арнайы келген Польша Республикасының делегациясымен кездесу өтті. Делегация өкілдерін «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұжымы аса қонақжайлықпен қарсы алды. Әсем ән-бимен шашу шашып, ұлттық тағамдардан дәм татқыздырып, құрмет көрсетілді. Кездесу барысында шағын эксурсия жүргізіліп, «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жұмыстарымен жақынырақ танысты. Кездесу ары қарай конференц залда жалғасын тапты.


Толығырақ

«Біздің күшіміз бірлікте»

Көкшетау қаласының қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы қоғамдық келісім кеңесі және Ақмола облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Біздің күшіміз бірлікте» атты тақырыптағы дөңгелек үстелі өтті.

Кездесуді ашқан облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, қоғамдық әлеуметтік бірлік негізінде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы туралы айтып өтті. Өз ойларымен «Науан Хазірет» мешітінің имамы Сәбит Қуаныш және Көкшетау және Ақмола епархиясының епископы Серапионде бөлісті. Олар «Бірлік деген өте маңызды, бұл әрбіріміз сақтап және дамытуға қажет Қазақстанның басты байлығы екенін», – ерекше атап өтті. Сонымен қоса халық бірлігін нығайту ісіндегі өздері жүргізіп жатқан жұмыстарға тоқталды.


Толығырақ

Көкшетау қ. Достық үйінде қайырымдылық акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 15-ші мамырында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Халықаралық Отбасы күніне республикалық отбасыларға қолдау көрсету апталығының ашылуына және «Асар» қайырымдылық акциясы аясында қайрымдылық іс-шара өтті. Іс-шараны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, «Kókshe» телеарнасы ұйымдастырды.


Толығырақ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі 2018 жылдың басынан бері қайырымдылық акциялар ұйымдастыру арқылы 3 миллион теңгеден астам қаражат жинаған

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыттары, отбасы құндылықтарын сақтауға және насихаттауға атсалысу, отбасылық дәстүрлерді дамыту ісімен айналысу, отбасы мәртебесін көтеру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болып табылады. Сонымен қоса аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандар мен отбасыларға жәрдем беру істерімен де белсенді айналысады.

Осылайша, Зеренді ауданында өткен қайырымдылық аукционында 1,7 млн. теңге қаржы жиналған. Қаражат жинау ісі Алғыс айту күніне орайластырылған. Аукционның өткізілу мақсаты сегіз жасар бүлдіршін Елнұр Мааратовқа көмектесу болды. Небәрі бес айлығында дәрігерлер оның аяғының деформациясы бар екенін анықтаған, осы күндерге дейін бірнеше ота жасалып та үлгерген. Қазіргі таңда ол Санкт-Петербург қаласы Г.Турнер атындағы балалар ортопедиялық ғылыми-зерттеу институтында жатыр.


Толығырақ

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2018 жылғы 11 мамыр күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің отандық тарих және ҚХА сонымен қатар ҚХА кафедралары бірлесіп, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Біріңғай күні аясында дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – «Жаңа гуманитарлы білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына көпшілік назарын аудартып, осы уақытқа дейін қазақ тіліне аударылған, бестселлер болап саналатын оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау.


Толығырақ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге арналған іс-шаралар легін өткізді

Мереке қарасаңында Ақмола облысының орыс қауымы ҚБ театралды студиясының өнерпаздары «Жеңімпаз-жауынгерлер даңқы» атты театрландырылған қойылымын көрермен назарына ұсынды. Қоғамдық келісім сарайының залы халыққа толы болды. Олардың арасында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Көкшетау қаласының тұғындары мен қала қонақтары болды.

«Индира» кафесінің төрінде ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ақмола облысы өзбек ұлттық мәдени орталығының төрайымы Тажибуви Медетова жылы қарсы алды. Аталмыш орталық көптеген жылдар бойы ҰОС және тыл ардагерлеріне қамқорлық танытуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Биылғы жылғы ардагерлерге арналған кеш те ерекше өтті. Бұл кештің сәнін кіргізіп, ардагерлер алдында «Қоғамдық келісім» КММ вокалды және хореографиялық студияларының мүшері өз өнерлерін көрсетті.


Толығырақ

Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ, Қазақстан Халқы ассамблеясы Ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі: БИІК БІЛІМ ӘЛЕМІ ҚАЛЫПТАСАДЫ

— Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына тура бір жыл толды. Бағдарламалық мақалада белгіленген белестер өте ауқымды, ел болашағын жарқырата түсуге бағышталған. Соның бірі — «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Оның мәні мен маңызын Елбасы өзі айкындап берді. «Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалык деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл — білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең замануи, тандаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек» деді Президент.


Толығырақ

«Рухани жаңғыру: табысқа бастар алты қадам»

Дәл осындай атаумен Мемлекет Басшысының «Болашаққа бастар жол: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануына бір жыл толуына байланысты және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Наталья Дементьева қатысқан коучинг өткізілді. Коучингтің басты мақсаты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған нақты тұлғаның мысалы арқылы, қазіргі таңдағы табысты қазақстандықтың образын жасау болып саналды.

Наталья Григорьевна – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебінің директоры, мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты өткен түрлі деңгейдегі сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, «Казахстан-Кокшетау телерадиокорпорациясындағы қазақ тілін меңгеруге бағытталған: «Мы научились» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілін үйрету бойынша телесабақтар), «Живой родник» (Қазақстанның атақты қайраткерлері туралы жоба), «Бір шаңғырақ астында» (ҚХАА мен бірлескен жоба), «Танымал» (еңбек адамының образын ашу туралы жоба), «Ақ дастархан» сынды бірнеше жеке жобалардың авторы, сонымен қоса керемет мотиватор әрі оратор.


Толығырақ

Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36