Нұртөре Жүсіп: «Бурабайға барғанда қаптаған қоқыс көреміз…»

Нұртөре Жүсіп Бурабай мен еліміздің басқа аймақтарындағы тазалық жұмыстарына қатысты премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, жалпыхалықтың акция ұйымдастыруға шақырды.

Сенатор Нұртөре Жүсіп премьер-министр Асқар Маминге Бурабайдағы тазалық жұмыстарына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат табиғи қорғау аймағындағы жиналмаған қоқысқа алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша бұған туристер мен жұмысын тиісті деңгейде атқармайтын ұйымдар кінәлі:

– Ұлттық парктің жалпы жер көлемі – 129 299 гектар. Бұл – ерекше қорғауға жататын табиғи аймақ. Ал осы Бурабайға барғанда біз не көреміз? Қаптаған қоқыс… Шашылған заттар… Пластикалық бөтелке, умаждалған пакеттер… Көлдің суы лас… Қандай керемет демалыс аймағы! Қадірін неге білмейміз? Мемлекеттік Ұлттық табиғи парктің Тазалыққа жауапты тиісті бөлімдері мен құрылымдары бар. Мусордан аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жеттік – дейді Сенатор депутаттық сауалында.

Нұртөре Жүсіп өз сауалында бұл жағдай еліміздің басқа аймақтарында да орын алғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Жапония мен Канада сынды мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру керек. Ал тазалық – ұлттық құндылықтар қатарына шығару қажет.

– Мемлекеттік тұрғыдан шұғыл түрде тазаалықты сақтау, бақылау, реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттігі білініп отыр. Сізден осы мәселені қарап, Үкіметтің тиісті құрылымдары арқылы өз құзыреттері шеңберінде Іс-шаралар кешенін жедел қабылдауды сұраймыз, — деді сенатор.

Алайда, Сенат депутаты барлық жұмысты мемлекетке, Үкіметке байланысты емес:

– Тек қана демалыс аймақтарында емес, тұтас республика территориясында «Туған жерді таза ұстау» Жалпыұлттық акциясын ұйымдастыру керек. Бұл тұрақты өтетін шара болуы қажет. Мұндай акцияны барлық Қазақстан азаматтары қолдайды деп сенеміз! – деді Нұртөре Жүсіп.

Ақпарат көзі: https://assembly.kz/