«Ресей мен Қазақстан – екі елдің бірлігі мен достығы»

– осындай атаумен қоғамдық келісім сарайында Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ақмола облысының орыс қоғамы.

«Осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толып отыр. Қазақстан мен Ресей бір бірі үшін ортақ тарихы, адал көршілестігі бар сенімді серіктес болып қала береді»,- деп өз сөзінде Қазақстандағы Ресей серіктестігінің басшысы Виктор Нефедов айтып өтті. Іс-шара барысында Ресей серіктестігі өкілеттілігінің алғыс хаттарымен марапаттау салтанаты жалғасты. Марапатталғандар арасында – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшелері Фатима Рассолова мен Александра Мякотаны атап өтуге болады.

 

Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Ресей тарихи ортақтығын ғана емес, сонымен қатар тең құқықтық пен өзара тиімді серіктестік қағидаларының негізінде өзара ынтымақтастығын сақтай білді.

 

Казахстан и Россия партнеры всегда,

Во главе нашей дружбы идея одна –

Быть силой сплоченной во всем времена,

Сохранив наш консенсус – отныне в века.

 

Осы өлең жолдары мерекелік іс-шараның ұранына айналды, ал бейбітшілік, бірлік, достық туралы әндерді естіген көрермендер қол шапалақтарын аяған жоқ!