Құттықтаймыз!

2018 жылғы 16 қараша күні Астана қаласында Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстандық моделіне арналған жыл сайынғы Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталған «Полиэтникалық қоғам және қазіргі заманғы мемлекет: даму стратегиясы» атты ғалымдар мен сарапшылардың Форумы өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ жүлделі ІІ  орынға ие болды! Осы орайда «Жастар арасында этникааралық толеранттылықты нығайту» атты жобаның авторлары ҚХАА жанындағы ҒСТ мүшелері Свинарчук Анна Ивановна, Сағындықова Жайлагүл Оралқызын құттықтаймыз.

Алдағы уақыттағы өзара жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіре отыра, ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топқа жаңа белестерді бағындыру жолында сәттілік, жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыру ісінде зор мүмкіндіктер тілейміз.

Құрметпен

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы,

«Қоғамдық келісім» КММ