Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXII сессиясы

2019 жылғы 29 қараша күні «Көкшетау» МС облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Маржықпаев Е. Б. жетекшілігімен «Бірлік пен келісім – қоғамның әлеуметтік жаңғыруының негізі» атты күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыстық ассамблея мүшелері, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия барысында ҚХАА құрамы жаңартылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Магламян Н. А. этномәдени бірлестіктер қатарынан облыстық ассамблея төрағасының орынбасары болып сайланды.

Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаев баяндама оқыды.

Сонымен қатар сессия аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, «Русская песня» халықтық ансамбьлінің жетекшісі Авилова З.Н, Целиноград ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Какабаева З.Б, Сандықтау ауданы, Бірлік ауылдық округінің әкімі Ибаев А.И, Атбасар аудандық Мәдениет үйінің педагог-хореографы Манукян В.Ю, Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ студенті Солопова А.Ю. сөз сөйледі.

Одан кейін облыстық ассамблеяның белсенділерін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының Алғыс хаттарымен және журналисттер арасындағы облыстық «Шаңырақ» байқауының  жеңімпаздарын облыс әкімінің дипломымен марапаттау рәсімі өткізілді.

Сессияға қатысушылар облыс тұрғындарына үндеу қабылдады.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.