Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жүлдесіне арналған турнир

Жастар жылы аясында 16-17 қараша күндері Көкшетау қаласында кикбоксинг бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогы сарапқа түскен облыстық турнир өткізілді. Аталмыш сайыста Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалалары және Атбасар, Бурабай аудандарыннан жалпы саны 165 спортшы бақ сынады.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортпен айналысуға баулу.

Өз сөзінде облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М. Ю. Тохаева жарысқа қатысушыларды облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы атынан құттықтап, оларға  толағай табыстар мен спорттағы үлкен жеңістерді, ал жанкүйерлерге жарқын әсер мен жақсы көңіл-күй тіледі.

Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті А. А. Герасимов жарысқа қатысушылары үшін аталмыш турнир үлкен спортқа жолдама алу  алаңына айналатынын атап өтіп, оларға адал күресуді тілегін білдірді.

Кикбоксинг бойынша жарыс екі күнге созылды. Оған 12 команданың өкілі саналатын түрлі жас топтарының спортшылары қатысты. Шаршы алаңдағы айқастар аса қызу болып, әркім өзінің жауынгерлік қасиетін көрсетуді, соңына дейін күресіп жеңіске жетуді қалады.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Бурабай ауданының «Спарта» командасы алса, сәйкесінше, екінші орынға Көкшетау қ. «Банзай»  және үшінші орынға Красный Яр ауылының «Кикбоксинг федерациясының қауымдастығы» командалары тұрақтады.

Барлық жүлдегерлер Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогы және дипломдарын иеленді. Жекелеген сындардағы жеңімпаздарға да облыстық ассамблея тарапынан медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.