Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы ақпарат

Ақмола облысында 100 — ден астам этностар мен этникалық топтардың өкілдері тұрады, оның ішінде: 51% — қазақтар, 33,1% — орыстар, 4,4% — украиндер, 3,5% — немістер, 1,8% — татарлар, 1,4% — белорустар, 1,1% — поляктар, 3,7% – басқа ұлттар.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының саны 106 адамды құрайды, олардың қатарында — этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына Ақмола облысынан 16 адам кіреді.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан мынадай құрылымдар құрылды және жұмыс істейді:

– Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін ғылыми-сараптамалық топ;

– мемлекеттік ұлттық саясат, этносаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді, Ақмола облысында тұратын этностар арасындағы толерантты қарым-қатынасты насихаттау мәселелерін кеңінен жариялау мақсатында журналистер клубы;

– халық кәсіпшілігін одан әрі дамыту және қолдау, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық потенциалын дамыту мақсатында – сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің Одағы.

– Неке және отбасы институтын, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында –  Аналар кеңесі.

Ақмола облысының аумағында 52 этномәдени бірлестік тіркелген. Ақмола облысы этностарының өкілдері облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму үдерісіне тиімді тартылған.

Көптеген этностардың негізгі шоғырландырушы факторы өзіндік мәдениетті, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен тілді сақтауға ұмтылу болып табылады. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанында 2010 жылдан бастап «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі жұмыс істейді, онда Қазақстан халқының тоғыз тілі оқытылады. Сонымен қатар, ана тілін оқыту облыстың 4 ауданында жүргізіледі (Астрахан және Шортанды аудандарында — поляк тілі, Бурабай ауданында — неміс тілі, Сандықтау — ингуш тілі).

Облыстық ассамблеяның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ, Степногорск қаласында «Достық және шығармашылық үйі», Зеренді және Целиноград аудандарында «Достық орталықтары» жұмыс істейді.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында 2019 жылы облыста 100-ден астам қоғамдық-маңызды іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында Алғыс айту күніне, Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған бірқатар іс-шаралар, «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу» қайырымдылық акциялары, Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар, «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының жыл сайынғы қалалық байқауы бар. Этномәдени бірлестіктермен бірлесіп «Масленица» халықтық серуені, «Терендез» армян халық мерекесі, ингуштер мен шешендерді Орта Азия мен Қазақстанға көшірудің 75 жылдығына арналған халықаралық конференция, ас үй фестивалі және т.б. өткізілді. Ақмола облыстық ассамблеясы өз жұмысына ардагерлер, жастар ұйымдарын, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерді белсенді қатыстырады.

Ақмола облысында 248 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді: 1 — облыстық, 2 — қалалық, 17 — аудандық және 228 — ауылдық деңгейде, жалпы саны 2 987 адамды қамтиды. ҚХАА жанындағы ҚКК қызметінің бағыттары: ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, кездесулер, әңгімелесулер, дәрістер өткізу), медиация кабинеттерімен өзара іс-қимыл, қайырымдылықты дамыту, жоспарларды, аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруға қоғамдық бақылау жүргізу. 2019 жылдың басынан бастап қоғамдық келісім кеңестері 5000 адамды қамтитын 150 түрлі іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, кездесулер, отырыстар, мәдени іс-шаралар) өткізді.

Облыста 101 аналар кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде 1 — облыстық, 1 — қалалық, 12 — аудандық, 87 — ауылдық деңгейлерде, оған 60-тан астам орталықтар, үйірмелер мен клубтар кіреді. Аналар кеңесі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады, халықтың рухани құндылықтары негізінде қыздарды тәрбиелеумен айналысады. 2019 жылдың басынан бері Аналар кеңесі 4000 адамды қамтыған 200 іс-шара өткізді. Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесі ауру балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін 4 қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 2019 жылдың бірінші тоқсанында облыстық Аналар кеңесімен Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  «Балқадиша» қыздар клубы ашылды.

Облыстық Ассамблеяның қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеяс» кафедрасының оқытушылар құрамынан құрылған ғылыми-сараптамалық топ жүзеге асырады. Ғылыми-сараптамалық топтың құрамына барлық гуманитарлық бағыттағы мамандар кіреді — саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер, оның ішінде: 5 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 3 магистр бар. ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы,  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент –  Қапышев Ардақ болып табылады. Қызмет Ережесіне сәйкес  ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың отырыстары    жылына екі рет өткізіледі, топ мүшелері өзекті мәселелерді шешу үшін қажеттілігіне қарай жиналады. Мәжілістерде мемлекеттік этносаясаттың негізгі мәселелері талқыланады, аймақтағы ғылыми, әдістемелік, сараптамалық-талдау қызметін жетілдіру бойынша идеялар мен тұжырымдамалар ұсынылады.

Ақмола облысында қайырымдылық қоры құрылды, оған қайырымдылық  жасаушы 845 меценат, және 69 ұйым кірді. Қайырымдылық қоры жүйелі түрде жаңартылып, толықтырылып отырады, өңірдегі қайырымдылық қызметіне тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер мен құрылымдар белсенді қатысады.

2019 жылдың басынан бастап, «Қайырымдылық керуені» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында Ақмола облысында 1345 іс-шара өткізілді, оның барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы шамамен 35 млн. теңге. көмек көрсетілді.