Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясында медиация кабинетінің ашық есік күні

2019 жылдың 5 тамызында Республикалық бірыңғай медиация күні аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Медиация кабинетінің ашық есік күнін өткізді.

Сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кез келген адам түрлі қызмет саласына жататын дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша тегін ақыл-кеңес сұрап, медиация арқылы даулы мәселелерді шеше алды.

Осы күні Достық үйінде кәсіби медиатор Талғат Бейсембаев, қалалық соттың судьясы Салтанат Бахытжанова, сонымен қатар кәсіби емес медиаторлар ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова және «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ төрағасы Герихан Яндиевтар жұмыс істеді.

Осындай іс-шаралар облыстың барлық ауданы мен қаласында өтті. Сондай-ақ әр түрлі сипаттағы дау-дамайды сотқа дейін шешу тәсілі ретінде медиацияны көпшілікке танымал ету мақсатында халық арасында сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қазіргі уақытта медиаторлар қызметіне көп адам жүгініп жүр деген ұйғарым шығаруға болады.