Қарттарды қолдаған акция

Дәстүр бойынша қарттарға қолдау көрсету айлығы аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жыл сайын облыстағы этномәдени бірлестік өкілдері қатарындағы еңбек ардагерлерін қолдау жөніндегі қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Осы жылы облыстық ассамблея атынан 60-тан аса зейнеткер азық-түлік пакеттерін алды.

Қайырымдылық акцияға облыстық ассамблеямен бірге чуваш, армян, кәріс, неміс, поляк, тәжік, шешен-ингуш, өзбек сияқты этномәдени бірлестік жетекшілері, Ақмола облысы бойынша ОСКА мен Ақмола облысының Полиция департаменті қатысты.

Мерекеде ҚХАА хатшылығының меңгерушісі М.Ю. Тохаева құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жанкешті еңбегі, қомақты үлесі, елдегі бейбітшілік, достық пен қоғамдық келісім үшін алғыс сөздерін айтты.

Ардагерлерді «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Е.И. Мащинская, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының төрағасы Г.В. Осиненколар құттықтады.

Ардагерлермен болған кездесу Ақмола облысы Полиция департаментінің өнер ұжымдары дайындаған үлкен мерекелік концертпен аяқталды.