Отбасы – мемлекеттің негізі

1994 жылдың 15 мамырынан бастап күллі әлемде Халықаралық отбасы күні мерекесі тойлануда. Ол өте маңызды мереке, сол себепті Станционный қалалық модельдік кітапханасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен «Отбасы – мемлекеттің негізі» атты бенефис – шоу өткізілді.

Толығырақ

Біздің күшіміз бірлікте!

Осындай атаумен Көкшетауда «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігімен, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының үйлестіру кеңесі мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған жыл сайынғы қайырымдылық орыс және казак әндерінің фестивалі өткізілді.

Толығырақ

Курсанттармен кездесу

Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында Көкшетау техникалық институтында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптық бөлімінің мамандары Светлана Егикян және Розалия Крушевамен кездесу ұйымдастырылды.

Толығырақ

Мерекелеріңізбен! Қазақстан халқының бірлігі күнімен! Бірінші мамыр құтты болсын!

– Абылай хан алаңында көкшетаулықтар мен қаланың қонақтары бір бірін түрлі тілдерде қарсы алып жатты. Бейбітшілік пен жақсылық туралы шынайы тілектер барлығына аудармасыз да түсінікті.

Толығырақ

Ерекше үлгідегі сабақ

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №3 өрт сөндіру бөлімінде ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қиықова Зере Еспайқызының қатысуымен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын және мемлекет Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы материалдарын талқылау, сонымен қатар Аналар кеңесінің қызметін түсіндіру бойынша сабақ өткізілді.

Толығырақ

Гуманитарлық көмек

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де гуманитарлық көмек қабылдау пункті орналасқан. Өткен апта ішінде азық – түліктері, жылы киімдері, тұрмыстық қажеттіліктері бар төрт машина Сандықтау ауданына жіберілді. Айтарлықтай көмек көрсеткендер ішінде: жалпы құны 35 мың теңгеге бес жүз бөлке нан жіберген «Наурызбаев» ЖК, орталық базардың жұмысшылары, оның ішінде: «Орталық Базар» АҚ, «Керуен сарай» суда үйі, «РИО» сауда-ойын сауық орталығы, «Пайда» сауда үйі, киімдерге арналған «Олимп» шағын-нарығы жаңа тауарлар бөлді: жылы киімдер, аяқ киімдер, әйелдер мен ер адамдардың, балалардың киімдері, төсек бұйымдары, бұлардың жалпы құны екі миллион теңгеден асады.

Толығырақ

«Поющая Полония» Қазақстандағы таланттарды біріктірді

Қазақ-поляк байланыстарының тарихы – ол ерекше гүлдену мен сәтті өзара әрекеттестіктен тұратын екі ағайынды халықтың, екі тату мемлекеттің өзара қатынастарының жылнамасы.
Екі мемлекеттің жемісті серіктестігі саяси және экономикалық қана емес, оған қоса мәдени жетістіктерге толы. Екі тату мемлекеттің мәдениеті – ол жетістіктің маңызды құрамдас бөлігі.

Толығырақ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы дөңгелек үстел өткізді

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша біріңғай Республикалық күн аясында дөңгелек үстел өткізді.

Толығырақ

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»

2017 жылғы 18 сәуір күні сағат 15.00-де Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің салтанат залында «Айғаным» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Шараның мақсаты – оқу ордасында білім алып жүрген қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеу.

Толығырақ

Жастар салмақты әңгіме қозғады

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мен дәріптеу бойынша дәріс өткізілді.
Іс-шараның спикері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қ. Қиықов. Өзінің жастарға айтар сөзінде Н. Назарбаевтың мақаласы ұлтты біріктіруге бағытталған жаңа тарихи құжат болып табылатынын айтты. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, мақалада «Мәнгілік Ел» идеясын жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелейтін әдістерге ерекше назар аударылды. Осылайша, Президенттің үндеуі бірінші кезекте жастарға арналған.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24