«Jastar generation-2024» атты халықаралық лагері

12-14 қыркүйек аралығында “Арман дала” демалыс орынында «Jastar generation-2024» атты халықаралық лагері өтті. Онда бес елден жас таланттар келді.
Аталған жиынға «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола өкілдігінің төрағасы, Давранов Махмуджан Илхамжанұлы мен «Ассамблея жастары» мүшесі Крючек Яна Александровна қатысты.
Қандай стартаптар қоғам өмірін жақсартады және қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз етеді?. Жастар арасында мемлекеттік тілді ілгерілету, жалпыұлттық құндылықтар мен «Бірлік әртүрлілікте» қағидатына негізделген ұлттың бірегей мәдени кодын нығайту мәселелері де қаралды. Осы және басқа да тақырыптарды жастар талқылады

Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты

Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақмола облысының ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Е.Б. Нұғыман, облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ш.Ш. Алиев және облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Ақмола облысының «Қазақ әдебиеті және мәдениеті» ҚБ басшысы М.М. Қойшин ашылу салтанатына Ақмола облысынан делегаттар ретінде қатысты.
Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев сайыс ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі. Көрермендер алдында әлемдегі тоқсанға жуық елдерден келген делегациялары алаңда салтанатты шерумен өтті, сонымен қатар, заманауи теаралдынған, ел тарихын бейнелейтін көріністер көрсетілді және атақты әнші Димаш Құдайберген бастаған эстрада жұлдыздарының концертін халық тамашалады. Бұл ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті.

«Рубин», «Рандеву», «UNO COFFEE» кафе ұжымдарымен кездесу

Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Қ. Раев пен бас сарапшы С.Т. Өзбекованың құрамында «Рубин», «Рандеву», «UNO COFFEE» кафелерінің ұжымдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның Этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.

«Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі»

Бүгін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы “Қоғамдық келісім” КММда «Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» атты Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.Аталмыш шараны ҚХАА жанындағы «Аналар кеңесі» мен «Ассамблея жастары» ұйымдастырды.
Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл – ауқаты жақсарады.
Мерекелік кешке 50 жыл отасқан, 3 баладан, 11 немере, 1 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы, Алтын шаңырақ иелері Есмағұловтар әулеті, 30 жыл отасқан Күміс кереге иелері Жазиевтар әулеті, 10 жыл отасқан Жас отау иелері Молдахметовтар әулеті қатысты.
Әсем ән, күмбірлеген күймен көмкерілген іс-шара соңында өздерінің көркем мінездері, ұлттық құндылықтарды сақтап саналы да сауатты ұрпақ тәрбиелеп отырған үлгілі отбасыларға «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ», «КҮМІС КЕРЕГЕ» және «ЖАС ОТАУ» номинациялары табысталды.

Лариса Аитованың «Я хочу вам рассказать…» атты жаңа авторлық кітабының тұсаукесері

Бүгін Достық үйінде Ақмола облысының татарлары туралы Лариса Аитованың «Я хочу вам рассказать…» атты жаңа авторлық кітабының тұсаукесері өтті.
Жинақ біздің атақты жерлесіміз – туған Қазақстан жерінің патриоты Ибрагим Салаховты еске алуға арналған. Сонымен қатар, кітапта Ақмола ассамблеясының татарлар мен башқұрттар қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы материалдар мен фотосуреттер орналастырылған.
Жалпы, мұндай іс-шаралар облысымыздың мәдени өмірін байытуға және бір шаңырақ астында тұратын түрлі этностар өкілдерінің достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Top