Көкшетау қ. «Ақмола ҚХА» спорт командасы футболдан облыстық ассамблеялар арасында республикалық турнир өткізу бастамасын көтерді!

«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаров – өз болмысында ерекше, туған елінің нағыз патриот адамы деуге болады.

Тура бір жыл бұрын Көкшетау қаласында халық арасындағы достықты, қоғамдағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау және нығайту мақсатында, белсенді қоғам қайраткері, белгілі қазақстандық кәсіпкер, политолог (алты тілді меңгерген) кәсіби спортшы (дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері) Умар Файзудинович азаматтардың ерікті бірлестігі тәжік ұлттық-мәдени орталығын ашып, аталмыш ұйымды дамыту істерімен тоқтап қалған жоқ.

Ойлана келе, жұмысшы жастардың басын біріктіру мақсатында ол Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанында «Ақмола ҚХА» спорттық командасын құрды.

Толығырақ

Отаным менің, Республикам менің деп ән саламын!

Тәуелсіздік күні қарсаңында Достық үйінде бесінші мәрте өткізілген «Менің Қазақстаным» атты фестиваль-байқауы өз қатысушылары мен қонақтарын қарсы алды. Бұл мерейтойлық кездесудің еліміздің бас мерекесі қарсаңында орын алғанын атап өткен жөн.

Толығырақ

«Қазақстан – біздің туған үйіміз»

15 желтоқсан күні облыстық филармонияда «Қазақстан – біздің туған үйіміз» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш шараны шетелдік кәрістерге көмек көрсетуші оңтүстік кореялық қордың, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Ү. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының қолдауларымен «Чинсон» корей этномәдени орталығы» ҚБ ұйымдастырды.

Толығырақ

«Санги-Кабуд»    тәжік     ұлттық-мәдени    орталығының    төрағасы   У. Шоназаров  а.ж. 13  желтоқсан  күні  Тәжікстан Республикасының елшілігі және «Scat» әуекомпаниясының ұйымдастырумен жүзеге асырылған «Астана-Душанбе-Астана» әуе қатынас жолының ресми ашылуына қатысты.

Толығырақ

ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Қымбатты ақмолалықтар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің елдің барлық азаматтары үшін аса қастерлі мейраммен ізгі құттықтауларды қабыл алыңыздар. Бұл мереке шын мәнінде егеменді еліміздің туған күні болып саналады.

Толығырақ

«Мен – Қазақстандықпын» байқауының қорытындылары жарияланды!

Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың отырысы өтті, оған ҒСТ мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, Көкшетау қаласы ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шараның ашылуында, ҚХАА-ның жанындағы ҒСТ төрағасы Қапышев А.Қ. жиынға қатысушылардың барлығын келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ортақ Отанымыздың даму жолындағы қызметтері бен оқуларында табыстарға жете беруді тіледі.

Толығырақ

Құдіретті сөз күші

Тәуелсіздік күні қарсаңында Зеренді ауылының Мәдениет үйінде Күләш Рақымжанованың «Қиянат» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл XX ғасырдың 30 жылдарындағы Кенеткөл ауылының жұмысшылары туралы баяндайтын «Зеренді алтын бесігім», «Әнім сенсің туған жер», «Өмір өзен» өлеңдер және прозалық туындылар жинағының авторы болып саналатын ақынның көпжылдық еңбегінің жемісі.

Толығырақ

Көкшетау қаласының құрметті тұрғындары мен қонақтары!

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз!!!

Менің Қазақстаным, менің Отаным!

9 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына арналған сынып сағаты өтті.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22