Облыстық ассамблея еріктілерінің акциясы

Республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының еріктілері ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарт жалғыз басты адамдар.

9-13 сәуір аралығында еріктілер 49 отбасына барды, оның ішінде 5 -Біржан сал ауданында, 6 – Бурабай ауданында және 38 отбасы Көкшетау қаласында.

Тауарлар тізіміне бірінші кезекте қажетті өнімдер – ұн, жарма, қант, май, жеміс-жидектер, сондай-ақ дәрі-дәрмектер, антисептикалық заттар кірді.

Облыстық ассамблеяның еріктілер орталығының жетекшісі Умар Шоназаров ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері «Новопэк» ЖШС, «Вертикаль» ЖШС және «МК-Агропродукт» ЖШС кәсіпкерлеріне көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді. Елдегі төтенше жағдай кезінде еріктілер аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету бойынша өз жұмысын жалғастырады.