ҚХАА мүшелері соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып қайтты

Ұлы отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында  «Біз – Ұлы Жеңістің ұрпақтарымыз» атты еске алу эстафетасы бастау алған болатын.

Оның мақсаты – қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерліктерін есте сақтау және құрмет көрсету.

Осы акция аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері,  «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ, «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ, «Санги Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің басшылары  Александр Артеменко, Елена Мащинская, Норик Магломян және Умар Шоназаров Ұлы Отан соғысына қатысушылардың үйлеріне барып қайтты.

Кездесу барысында соғыс ардагерлері Горбонос Василий Кондратьевич және Дериглазов Николай Яковлевич соғыс, еңбек қызметі туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың әрқайсысы тоқсанға келсе де, бұрынғы соғыс туралы жақсы біледі, қонақтармен өз тарихымен қуана бөлісіп, оларға көңілдері мен қамқорлықтары үшін алғыс айтты.

«Ардагерлер көбінесе жастармен қарым-қатынас жасағысы келеді, өз тарихымен бөліскісі келеді. Мұндай кездесулер олардың әрқайсысында терең із қалдырады, – деп облыстық ассамблеяның волонтерлік қозғалысы орталығының жетекшісі Умар Шоназаров мойындады. Біз олардың әрқайсысына Жеңіс күніне әскери китель тігуге, дәрі-дәрмек сатып алуға көрсетуге уәде бердік.  Біздің еріктілер оларға қамқорлық жасайды», – деп атап өтті.

Кездесу барысында ҚХАА мүшелері соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері табысталды.