Масленица

 

1 Наурыз күні облыстық Достық үйінің алаңында Масленица мерекесі өтті.

Бұл қыспен  қоштасып және көктемді қарсы алуды белгілейтін ескі славян мерекесі. Биылғы жылы  ол жексенбі күніне түсті. Бұл масленица апталығынң соңғы күні, сенушілер оны «кешірім сұрау жексенбісі» деп атайды. Бұл күні адамдар Ұлы пост бастау үшін жақындар мен достардан кешірім сұрайды. Бұл күні ескі сенім бойынша жыл өнімді болу үшін Масленица қарақшысын өрттеп,   күлін далаға тарады.

 

Мерекенің ұйымдастырушылары барлық осы дәстүрлерді толық сақтады. «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ҚБ  облыстық филиалының төрағасы Г. В. Осиненко, Ақмола облысының орыс қауымы ҚБ төрағасы А. А. Артеменко, Чуваш этномәдени орталығы ҚБ төрайымы Е. И. Мащинская қалалықтарды және қонақтарды Алғыс айту күнімен және Масленица мерекесімен құттықтап, оларға бейбітшілік, келісім және әр үйге молшылық тіледі.

Мерекелік әсерді бұл күні жиналған қауымға кәсіби әртістер, этномәдени бірлестіктердің және «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымдары сыйлады. Олардың орындауында қазақ және орыс әндері орындалды, ал орыс драма театрының актерлері көрермендерге театр қойылымын ұсынды

Ең белсенді көрермендер спорттық сайыстарға, байқауларға қатысты, басқалары шебер-қолөнершілердің қолдан жасалғанын бұйымдарын тамашаласа,  өзгелері сауда шатырларының қожайындары ұсынған  құймақтар, ыстық шайдан дәм татты.

Масленица достық толқынында және көңілді өтті. Көкшетаулықтар қыспен қоштасып қана қоймай, көктемді жарқын болашаққа деген сеніммен қарсы алды.