Көкшетау қаласының зейнеткерлері – еңбек ардагерлері Елена Мащинская мен чуваш этномәдени орталығына «Сарқыт» қайырымдылық акциясы үшін алғыстарын білдірді!

«Қайырымдылық керуені» аясындағы «Сарқыт» қайырымдылық акциясын облыстық маслихат депутаты, «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская басшылық ететін Көкшетау қ. «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі белсенді жалғастырып әкетті.

Орталық өкілдері ішінде азық-түлік жиынтығы, етті бәліштер және чуваш этномәдени бірлестігінің эмблемасы бар – «Сарқыт» сыйлығымен 15 отбасына қонаққа барды.

Аралаған адамдардың арасында үйлестірушілер мен белсенділер – жалғыс тұратын қариялар, мүгедектер, қолдау мен көмекке мұқтаж егде жастағылар, өмір жолдары жанды тебірентетін және қызықты қала мен ақмола өңірінің дамуына айрықша үлес қосқан жандар болды.

Қолдарында сыйлықтары бар қонақтардың келгеніне олар шынайы қуанып, Елена Ивановна Мащинскаяға осы қаңтардың суық күндері көрсеткен қолдауы үшін ризашылықтарын білдірді.

Мысалға, Башқұрт жерінде дүниеге келген, ұлты чуваш, қазақ тілін жетік меңгерген, көп жылдан бері Көкшетау қаласында тұратын 90 жастағы Анна Бектасованың (Спиридонованың) тағдыры аса қызықты. Өзінің жұбайы, ұлты қазақ, Тасыбай Бектасовтың, одан кейін сүйікті ұлы Төлегеннің дүниеден өткендерін бастан кешкен қайратты әйел жаны, бойындағы жігерін жоғалтпай бүгіндері өзінің қыздары мен немерелеріне ақыл-кеңесін беріп отыру үшін жүрегіне жасалған ауыр отаға да қайсарлықпен қарсы тұрды.

83 жасар Анастасия Иванова алыстағы Чебоксарының тумасы. Бір жолы Қазақстанға тың игеру ісіне келіп, содан бері осында қалған. Бұл жақта болашақ жұбайы, тың игеруші Виктор Ивановпен танысып, берік отбасын құрып, біріге екі ұл мен үш қыз тәрбиеледі. Ол екеуіде ұзақ жылдар бойы №25 Көкшетау автобазасында жұмыс істеді. Екі жыл бұрын, ұзақ уақыт бойы салға ұшыраған күйеуі Виктор Михайлович өмірден өтті. Қазіргі кезде күші сарқылған Анастасия Ивановнаға өз ұлы күтім жасауда.

Ал 84 жасар Нина Лыткина болса – ұзақ жыл бойы геолог болып қызмет жасаған. Васильковкалық ГОК-тың (қазіргі Алтынтау) тарихы оның және жұбайы, ұлты орыс, он жыл бұрын көз жұмған Василий Константиновичтің тікелей қатысуларымен дамыды. Сол жылдары ол ашық жазықта орналасқан болашақ кен-байыту комбинаты скаважиналарының топографиялық карталарын жасаумен, ал оның жұбайы бұрғылау шебері болып еңбек етті. Қазір қарт анасына ұлы, мамандығы бойынша инженер-физик, жоғары санатты құрылысшы Виктор Лыткин күтім жасауда.

Келесі кезекте шара қатысушылары «Сарқыт» сыйлығымен, тың игеруші, өнертапқыш, еңбек ардагері, тыл еңбеккері Осип Троицкийдің үйіне барды. Ол үшін де көптеген чуваш ұлтының азаматтарындай, қазақстандық жер туған әрі сүйікті мекеніне айналған.

84 жастағы Осип Семенович – өте ерекше, өнертапқыш-ғалымдар арасында жақсы танымал тұлға.  Оның жаздық бидай өсіруге арналған ойлап тапқан құрылғысы туралы, сол жылдары облыстық «Акмолинская правда»  газетінде жазып, ол жерде өнертапқыш бидай өсіруде өзі жасаған жаңа әрі ақылды технологияны пайдалану керек екендігі туралы айтқан.

Бұл күні чуваш этномәдени бірлестігінің өкілдері, «Сарқыт» сыйлық жиынтығы мен өздеріне көрсетілген назар үшін Николай Любимов, Хабира Сакипова, Галина Лазоренко, Галина Гулина, Надежда Боргуль, Валентина Ким, Сифат Тасова, Валентина Соломина, Хабиби Сулейменова сынды Көкшетау қаласының еңбек сіңірген жұмысшыларынан алғыс сөздерін естіді.