Көкшетау қаласындағы рактан айыққан қыздың отбасына, «Бари» армян мәдени орталығының төрағасы қаржылай қолдау көрсетті

Ақмола облысының этномәдени орталықтары «Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық акциясы «Сарқыт» айлығының аясындағы жұмыстарға белсенді қатысуларын жалғастыруда.

Кейбір ЭМБ басшылары ҚХАА-ның баспасөз-қызметінен өздерінің көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға жасаған қайырымдылық істері туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде жария етпеуді сұрайды. Себебі ізгі істерді өзгелер көрсін деген мақтан үшін емес, шын көңілден жасау қажет. Шынымен де, қажетті әдебиетке көз жүгірте отырып ұғынғанымыз, дәл осы ЭМБ өкілдерінің ойымен келісуге тура келеді. Асыл дініміз исламда да айналаңдағы адамдардың сен туралы жақсы пікірде болуы үшін, мақтау іздеу мақсатымен жасалған іс «ширк» (көпқұдайшылық) үлкен күнә саналады.

Алайда, Ақмола ассамблеясының баспасөз-қызметі ҚХАА, мемлекеттік құрылымдардың, оның басына түскен қиыншылыққа бейжай қарамаған жерлестердің қатысуымен  Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен қайырымдылық акциясы арқасында түрік емханасына барып, ол жерде кемік майын ауыстыру бойынша ота жасалған кішкентай Жанель Бейсенованың әкесінің өтінішін орындауды жөн санап отыр. Бұл туралы баспасөз беттерінде және ҚХА сайытында бұған дейін ақпарат орналастырылған болатын.

Жомарт Бейсенов болса, Жанельдің Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында емделуіне 60 мың теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсеткен «Бари» армян этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Норик Магламянға айрықша алғыс айтуды өтінді. Сонымен қатар қыздың әкесі «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не аса қажетті көмір бөлгендері үшін де шексіз ризашығын білдірді. Естеріңізге салсақ, өздерінің баспанасы жоқ Бейсеновтер отбасы, қазіргі уақытта отын мен көмір жағылатын жалдамалы үйде тұрады.