Көкшетау қ. «Ақмола ҚХА» спорт командасы футболдан облыстық ассамблеялар арасында республикалық турнир өткізу бастамасын көтерді!

«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаров – өз болмысында ерекше, туған елінің нағыз патриот адамы деуге болады.

Тура бір жыл бұрын Көкшетау қаласында халық арасындағы достықты, қоғамдағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау және нығайту мақсатында, белсенді қоғам қайраткері, белгілі қазақстандық кәсіпкер, политолог (алты тілді меңгерген) кәсіби спортшы (дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері) Умар Файзудинович азаматтардың ерікті бірлестігі тәжік ұлттық-мәдени орталығын ашып, аталмыш ұйымды дамыту істерімен тоқтап қалған жоқ.

Ойлана келе, жұмысшы жастардың басын біріктіру мақсатында ол Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанында «Ақмола ҚХА» спорттық командасын құрды.

«Көптеген жағдайда көпшіліктің назарынан тыс қалып жататын мәселе ретінде, мейлің ауыл  немесе қалада болсын жұмыстан кейінгі уақыттардағы жұмысшы жастардың бос уақыттарын өткізетінін біршама бақылай келе, осы жастарға қолдау көрсетемін деп анық бекіндім. Алдымен кәсіпорындар, ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде және жеке құрылымдарда қызмет ететін, тіпті әртіс, әншілер саналатын қала жастарынан бастауды жөн көрдім.   Бастапқыда мен өз достарымды шақырдым, өз кезектерінде олар өз жолдастарын тартса, кәсіпкерлер өз жұмысшыларын да белсенді араластырып жиналғандардың 95%  футбол ойыншысы болғасын  футбол командасын құрдық. Жаттығулар туралы ақылдасу мақсатымен ватсап желісінде өз тобымызды аштық, ал жаттығулар барысында жастарды мемлекеттік мерекелер, Елбасының Жолдауы, ҚХА қызметі жайында ақпараттандырып, «жұмысшы авангардты» ҚР Президентінің барлық мақалаларымен таныстырамыз. Бір қызығы алдыңғы кезеңдерде Қазақстан халқы Ассамблеясының қандай ұйым екенін білмейтін жұмысшы жастар да кездесті. Әрине, бұл жандардың арасында белсенді түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі таңда біздің команда жігіттері Ассамблея саясатын, оның бастамаларын қолдап, оларды жүзеге асыруға атсалысуда. Біздің топтағы бірнеше белсендінің есімдерін атап өтсем, олар: спорттық директор, жеке кәсіпорын басшысы Ринат Құрманалин, команда мүшесі, әнші, актер, мәдениет саласының қызметкері Дамир Досмағамбетов,  команда директорының көмекшісі Арман Қайыржанов, команда мүшесі, «Кокшевидеограмм» әлеуметтік желілердегі парақшалар мен каналын жүргізуші белгілі блогер Данияр Капаров, ал ең бастысы біздің командада 11 ұлтттың өкілдері бар! Біз жұмысты тек қалада ғана емес күллі Ақмола облысы аумағында жүргізуге тырысамыз», – деп өз әсерімен бөлісуде Умар Шоназаров.

Айта кететін жайт, Қазақстанда алғаш рет Ақмола облысы әкімінің кубогі жүлдесіне өткізілген Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының футбол турниріне қатысушыларға қойылған басты талап, олардың құрамында кем дегенде бес ұлт өкілдерінің болу шарты саналды!

Ендігі кезекте Умар Файзудиновичтің айтуынша, облыстық ассамблеялар арасында ҚХА кубогіне жұмысшы жастар арасында республикалық футбол турнирін өткізу жоспарланған.

Умар Шоназаровтың басшылығымен қазіргі кезде аз уақыт аралығында құрылған «Ақмола ҚХА» спорттық командасында мыңнан астам адамның басы біріктірілген, ұлттық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы дәстүрлі олимпиада өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Футбол бұл – бастапқы баспалдақ қана, ал қазір қазақстандық патриотизмді, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау мақсаттарында ұлттық спорт түрлерін дамыту үстіндеміз, олардың арасында қазақша күрес те бар. ҚХА-ның шыққан тегіне қарамай  қазақстандықтардың ортақ тарихи санасы, жалпыұлттық құндылықтары негізінде Қазақстан халқының ұлттық бірлігін нығайтуға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске   асыру жұмыстарына асқан қызығушылықпен атсалыстық. Біздер тек спорттық іс-шаралармен шектеліп қалмаймыз. Әлеуметтік осал топтармен жұмыс жасап, қарт адамдарға отын-көмір даярлау істерінде көмектесеміз, жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастырумен айналысамыз, сонымен қатар белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын атқарамыз. Командаға келген сәттен бастап көптеген жастар ішімдік, темекі сынды зиянды заттардан бас тартып, салауатты өмір салтын ұстана бастады. Алға қойған жоспарлар көп, себебі  келер 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды, атқаратын жұмыстар өте көп», – деп өз ойымен бөлісті «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Умар Шоназаровтың тұлғасы туралы айтар болсақ, оның өміріндегі бірқатар жайттарға тоқталған дұрыс болар.

Оның агроөнеркәсіп кешенінде қауіпсіздік қызметінің басшысы болып қызмет еткен аралықта, фирма орналасқан аумақта ұрлық жасаумен айналысатын жергілікті топтардың көзін жою қолынан келді. Осымен бір уақытта қазақстандық патриотизді насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу  және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Умар Файзудинович шетелдегі қазақ диаспорасымен қарым-қатынасты жолға қоя  білді, әсіресе, ол Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени, білім беру және экономика салаларындағы ынтымақтастық орнатуға үлкен мән береді. Жастарды бірктіру  мақсатын көздеген Умар Шоназаров Тәжікстандағы «Бәйтерек» қазақ диаспорасының орталығын іздеп тауып, олармен тығыз әріптестік қатынастар орнатты.