Көкшетау қаласының Достық үйінде «Қазақстан халықтарының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті

Өткен сейсенбі күні «Полимәдени кеңістік: Қазақстан халықтарының фольклорын зерттеу» атты тақырыпта Көкшетау қаласының Достық үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде балаларға арналған «Қазақстан халықтарының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Анық болғандай, кітапты шығару бойынша жоба Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің балаларға арналған дамытушы әдебиетті қалыптастыру және ілгерілетуге бағытталған ғылыми-зерттеу жобалары байқауының жеңімпазы болып саналады.

Жоғарыда айтылған білім ордасының ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Динара Рыспаеваның айтуынша, мемлекетіміздің барлық түкпірінде жүріп жатқан көпұлтты  Қазақстан халықтарының мәдени жаңғыру ісінде фольклор мұраларын аудару, зерттеу және баспадан шығару өте өзекті сұрақ ретінде қарастырылады. Жоба жетекшісі есебінде Динара Сәрсембайқызы, ағылшын тіліндегі қысқа мәтіндер кіші және орта жастағы (8 ден 12 жасқа дейін) балаларға үш тілділік жағдайында ағылшын тіліндегі лексика және грамматиканы меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жобаның идеялық бастамашысы – Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің ағылшын тілі және оқыту әдістемесінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Наталья Немченко өзінің «Қазақстан халықтарының ертегілерін аудару бойынша жобалық жұмыстар» атты баяндамасында, кітапқа 12 этностың 24 ертегісі аударылып және кіргізілген, ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары ертегілерді аудару барысында балаларға өз туған тілдері мен шетел тілінде де оқуға жеңіл болу үшін барынша сапалы әрі ықшамды етіп аударуға тырысты деп атап өтті.

«Қазақ, орыс, татар, украин, поляк, ингуш, неміс, молдован ұлттарының ертегілері, фальклорлық материалдарын жинау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Кітаптағы мәтіндерге суреттер қазіргі заманғы  технологияларды пайдалану арқылы балалар әдебиеті саласында жұмыс тәжірибесі мол суретші Ержан Ибраевпен орындалды. Әрбір сурет, мәтінде берілген белгілі бір этнос өкілдерінің тұрмысы, ұлттық киімдерін бейнелеу арқылы ертегілердегі қаһармандардың мінездерін ашады. Суреттер күрделі емес және балалардың қабылдауына ыңғайлы етіп жасалған», – деп атап өтті Наталья Федоровна.

Ортасында Ақмола облысының этномәдени бірлестіктер төрағалары болған дөңгелек үстел жиынның барлық қатысушылары, балалар әдебиетінің, оның ішінде ертегілердің, балалардың рухани мәдениетіне, шығармашыл тұлға ретінде дамуына әсер етеді, ал халықтық фольклор ұлттық код таңбаланған, халықтың тұрмыстық ерекшелігі, географиялық, табиғи, этникалық жағдайлары мен ұлттық мінез-құлық бейнеленген құнды мұра саналады деген ортақ пікірге келді.