Көкшетау қаласының Достық үйінде неміс театрландырылған көрінісінің тұсаукесері өтті

«Көк тауларға жасалған рождестволық саяхат», дәл осындай атаумен Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ақмола облысы «Wiedergeburt» немістер қауымы» қоғамдық бірлестігі жанындағы жастар театралды сиудиясының мүшелері театрландырылған көрініс қойды.

Іс-шараға жиналған толық зал көрермен қауым жаңа жылдық тақырыпта безендірілген сахнадан қойылым кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін аса ден қойып тамашалады. Бұл күні Қоғамдық келісім сарайының қонақжай сахнасында өз өнерлерін жас өнерпаздар Ксения Ширингина, Анна  және Денис Качановалар, Павел Коротун, Виктория Потанина, Максим Жуменко, Елизавета Земскова және басқалар көрсетті.

Айта кетерлігі, облыстық немістер қауымының жанындағы «Zodiak» жастар театралдық студиясы Алматы қаласында өткен жастар арасындағы  IV республикалық «Неміс тілі сахнада» атты театралды байқауының жеңімпаздары болып табылады.

Ерескетер мен балалардан құрылған облыстық немістер қауымының жанындағы неміс тілі курстарының тыңдаушылары өз кезектерінде ерекше шығармашылық нөмірлерін дайындады.

Жастар театралды студиясының барлық  қатысушылары іс-шара соңында грмаоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болса, ал көрермен қауымды рождестволық мереке қарсаңында жайылған тәтті дастархан күтіп тұрды.

«Ақмола облысы «Wiedergeburt» немістер қауымы» қоғамдық бірлестігі жанындағы жастар театралды сиудиясына жетекшілік ететін талантты Екатерина Грядунова есімді азаматша екенін атап өткен жөн.