Соңғы қоңырау — тамаша мектеп шағының аяқталу белгісі

2019 жылғы 26 мамыр күні «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде оқу жылының аяқталуына орай «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өтті. Әлдекім жазғы каникулдан кейін күш жинап мектепке оралса, енді бірі оның қабырғасын тастап, «түлек» деген зор атақ алады.

Мерекеге қатысып отырған меймандар балаларға сәттілік тіледі. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият ЮсуповнаТохаева өз сөзінде былай деп атап өтті: «Тілдік мектеп – ерекше мектеп. Онда әр түрлі этностың тоғыз тілі меңгеріледі. Бүгінде мемлекет саясаты, елдің Тұңғыш президенті Н.А. Назарбаев арқасында әр этностың өз ана тілін оқып-үйренуге мүмкіндігі бар. Әрбір этностың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне сый-құрмет көрсететін ел бүкіл әлемге нағыз достық пен бірліктің үлгісін көрсетеді. Мектепті бітірген әр түлек өз жолын таңдайды. Қай жолды таңдаса да, бастысы әрқашан өз елінің патироты болып қала беру».

Оқуында табысқа жетіп, қоғамдық белсендігі үшін «Шаңырақ» мектебінің шәкірттеріне алғыс хаттар табысталды. Ұстаздардың да еңбегі елеусіз қалмады.

Облыстық этномәдени бірлестіктер атынан «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» ҚБ төрағасы Рафаил СаитовичСулькарнаев«Шаңырақ» мектебінің бітірушілерінқұттықтады.

Түлектер осы күні қоштасып жатып, өз мұғалімдері мен ата-аналарына жүрек жарды сөздерін айтып, оларға шығармашылық нөмірлерін арнады.

Жүрекке жылы тиген Соңғы қоңырау мерекесі жақсы өтті. Бұған тек қатысушылардың күлкісі ғана емес, олардың қуаныш жасы мен бақытқа толы жанары айғақ.