Өз Отанының азаматы болу

А.ж. 10 қыркүйегі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Ашық диктанттың негізгі мақсаты – азаматтарды латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.

Жалпықазақстандық ашық диктант бүкіл Республика бойынша  жыл сайын бір уақытта өткізіледі. Оған кез келген ниет білдіруші қатысып, өзінің өмірлік және азаматтық ұстанымын танытады, сондай-ақ өз еліңнің азаматы мен патриоты екенін дәлелдеу мүмкіндігіне ие болады.

Облыста 18 630 адам, оның ішінде 1050 этномәдени бірлестік өкілі, 995 қоғам қайраткері, 900 мемлекеттік және азаматтық қызметші Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ұйымдастырған диктантқа қатысты. Қатысушылардың 79 %-ға жуығы жаңа әліпбиді жақсы әрі үздік білетіндері қуантты.

Диктант қатысушылары қазақ тілі саласында өз білімдерін және латын қарпін пайдалана отырып, мәтінді сауатты жазу деңгейін тексере алды.