«Мың алғыс!» акциясы

Қайырымдылық қызметін ұйымдастыру аясында 2020 жылдың 31 шілдесіне тап келген мұсылман қауымының Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының еріктілері медицина мекемелерінің ұжымдарына, медицина қызметкерлерінің отбасыларына пандемия кезінде моральдық және материалдық қолдау көрсетуге бағытталған «Мың алғыс!» республикалық акциясына қатысты.

Бұл күні еріктілер этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірлесе Көкшетау қаласының №1 отбасылық денсаулық орталығына, сондай-ақ вирустық белгілер анықталған пациенттермен тікелей жұмыс істейтін 10 көпбалалы медицина қызметкерінің  отбасыларына барып, оларға ұлттық тағамдар, жемістер, тәттілер салынған дәмді сыйларын табыс етті.

Акцияға облыстық өзбек ұлттық-мәдени орталығы, «Бари» армян этномәдени орталығы, «Чинсон» кәріс орталығы, «Хатиква» еврей орталығы, қазақ-түрік достығы орталығы, Ақмола облысының әзірбайжандар қауымдастығы өкілдері белсенді қатысты.