Менің Мұса Жәлелім…

17 ақпан күні «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары» ҚБ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен татар ұлтының көрнекті ақыны Мұса Жәлелдің өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өткізді.

Әдеби кеш: «Менің Мұса Жәлелім: халыққа арналған өмір» атты ұранмен өтті. Барлық қатысушылар қиын тағдырына қарамастан рухын төмен түсірмей,  шығармашылықты айналысуды тастамаған ақынның өнеріне деген қарым-қатынастарын білдіре алды. Концлагерлерде өткізген ауыр күндердің өзінде бұл ұлы тұлға ақындықты жанына серік етіп келген.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің салтанат залында қалалық және облыстық кітапхананың өкілдері автордың туындыларынан сыр шертетін көрме ұйымдастырып, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің татар тілін үйрену сыныбы татар халқының даңқты ұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын қабырға газетін шығарды.

Мұса Жәлелдің ақын ретінде қалыптасуы, оның еншісіне түскен ауыр сынақтар туралы «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары» ҚБ төрағасы Р. Сулькарнаев, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі татар тілін үйрену сыныбының оқытушысы Г. Аминова, белгілі журналист Л. Аитовалар айтты. Ал «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы М. Исмағұлов, өзінің ақынның шығармашылығына аса үлкен құрметпен қарайтындығын жеткізіп, «Жеңіс» поэтикалық этюдынынан үзінді оқу арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарында жер бетіндегі бейбітшілікті сақтап қалған буын өкілдеріне алығысын білдірді. Дәл осы тұста залдағы жиналған жұртшылық бір мезетте орнынан көтеріліп іс-шараға қатысып отырған Отан қорғаушы  92 жастағы Богданов Шамиль абыға өздерінің ерекше қошеметтерін білдірді.

Сахна төрінен Мұса Жәлел шығармашылығының түрлі кезеңдерінде жазылып, оның тұлғалық болмысы туралы сыр ақтарып, жанын қандай дүниелер мазалағаны жайлы баяндайтын өлеңдер естілді.

Әдеби кеш іс-шара қатысушыларына сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстау рәсімімен аяқталды. Ал оған қатысқан қонақтар, өздерімен бірге ұлы ақын жүрегінің бір бөлігін бірге әкеткендей әсерде болды.