«Менің елімнің Конституциясы» дөңгелек үстелі

28 тамызда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Қазақстан Республикасының Консититуциясы күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестік, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Конституция – еліміздің негізгі заңы болғандықтан, бүгінде біз, тәуелсіз Қазақстанның халқы, бәріміз де бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз. Өміріміз Конституция арқасында қорғалған.

«Дөңгелек үстелдің» модераторы – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева. Ол барша жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ Конституцияның маңызы мен оның қазіргі қазақстандық қоғамдағы рөлі туралы Ақмола облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаров, «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысындағы филиалының төрағасы Назим Шихалиевтар айтып берді.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.