Халық әнінің шашуы

29.09.2019 жылы Көкшетау қ. «Достар» мәдениет сарайында «Күшіміз – бірлікте!» атты IV республикалық орыс және казак әнінің қайырымдылық фестивалі өтті. Фестивальді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі мен «Жаңа собор» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Мерекенің қонақтарын епископ Ақмола және Көкшетау Серапионы және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева қошеметтеді.

Фестиваль нағыз халық әуенінің шашуына айналды. Көкшетау қ. «Орыс әні» халықтық ансамблі мен «Молодушки» вокал тобы, Петропавл қ. «Звонница-Наследие» вокалдық хореографиялық үлгілі ансамблі, Қостанай қ. «Казачья Воля» орыс казак және славян вокал ансамблі, Нұр-Сұлтан қ. «Богатица» орыс және казак әнінің ансамблі мен «Казачья Слобода» ансамблі өз шеберлігін паш етті. Көрермендер құлаққа таныс әндерді шырқаған әртістердің өнерін ыстық ықыласпен қабылдады.

Қайырымдылық концерттен жиналған қаржы Көкшетау қаласындағы православ кафедра Соборының құрылысына жұмсалатын болады.

«Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А. Артеменко іс-шараға қатысушыларға алғыс білдірді. Фестивальдің шығармашылық ұжымдарына кәдесый мен алғыс хаттар берілді.