Елбасы бізбен бірге

Елбасының үндеуі – Тұңғыш Президентіміз үнемі халықпен бірге және оларға қиын-қыстау кезеңінде әрдайым қол ұшын беруге әзір екенін көрсетеді.

Елбасы  өзінің Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде қазақстандықтарды әлемде болып жатқан қилы өзгерістер барысында әркім сабырға келіп, өзінің орнын табу керек екеніне назар аударып, өмірде болып жатқан ақиқаттарға бойсынуға және өзінің, қоршаған ортаның денсаулықтарына асқан жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Расымен де, коронавирус пандемиясы төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп қана қоймай, адам өзінің өзімшілдігін қойып, бір-біріне жақынырақ болу керектігін көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлы өз мақаласында адам бәрін өзінен бастау керек аңғартып, сонымен қатар, өзінің құндылықтарын ой елегінен өткізгендері жөн екенін тілге тиек етті.

Қазіргі уақытта коронавирус дертінен құтылу – әлем бойынша жалғыз, әрі өзекті мәселе болып отыр, біз бәріміз бұл мәселеге салқынқандылық танытып, қайсарлығымызды көрсеткеніміз абзал. Бұл ретте, ұлт бірлігі – ел амандығының кепілі.

Зере Қиықова, Қазақстан халқының Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы