Дөңгелек үстел

А.ж. 3 қыркүйегі Көкшетау қ. Достық үйінде «Этномәдени бірлестіктердің адалдық қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Қатысып отырғандарға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева құттықтау сөзін арнады. Ол Президенттің Қазақстан халқына жолдауында жұмыстың басым бағытының бірі ретінде жемқорлықпен күрес аталғанына назар аударды. Мұнда көп жұмыс қоғамның белсенділігіне байланысты, ал Ассамблея «қоғамдық келісім институты ретінде бірлік пен келісім идеяларының берік негізі мен сенімді таратушысы болып қызмет етеді».

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Бердалин қазіргі қоғамда жемқорлықпен күрес жүргізудің ерекшеліктері, қоғамдық өмірдің осы теріс құбылысын ескерту және алдын алу мәселелерін шешу жайында айтып берді. Сондай-ақ ол Ассамблея халықтың белсенді азаматтық ұстанымдарын танытуға жағдай жасай отырып, парасаттылықты дамытуда айрықша рөлге ие екенін байқады.

Ақмола облыстық ассамблеяның Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлдың, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменконың, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаровтың, «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Елена Мащинскаяның сөз сөйлеуі қызықты болды.

Жалпы алғанда іс-шара конструктивті өтіп, барлық қатысушылар араласқан нағыз диалогты көрдік.