Бір шаңырақ астында

Достық үйінің қонақжай шаңырағының астында ү.ж. 20 сәуірінде этномәдени бірлестіктердің «Бір шаңырақ астында» атты  фестивалі өтті. Оның бағдарламасына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Достық үйі этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының нөмірлері кірді.

Бұл ән  мен би мерекесінің  Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткендігін ерекше атап өткен жөн. Өйткені достық, келісім және бірлік біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының бақытты болашағының кепілі саналады.

Мерекелік шараның өзі халықаралық «Кішкентай Достастық аруы» байқауының өнерлі жеңімпазы Бектұр Аружанның «Аққу» биін орындауымен ашылып, оған көрермендер зор қошеметін білдірді.

Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенті Ринат Айтеновтың орындауындағы домбырадағы ойын, тыңдармандарды әуезді бозторғайдың үні мен тұлпардың ырғақты аяқ алысы естілген көктемгі кең далаға апарғандай болды. Ал жалынды лезгинка  мен барлығына белгілі «Калинка-малинка» әнінің әуездері естілгенде барша залда отырған қауым орындаушымен бірге шырқады.

«Кокшетау – Родина мне и тебе!» әнін сахна төрінде «Русская песня» ансамблі орындап жатқан кезде залда отырған «Ғалиябану» ұжымының солистттері әнді қосыла айтып, фестивалдің достық толқынында өтіп жатқандығын тағы бір дәлелдеді.

Бұл күні көптеген шығармашылық жаңалық болды. Ақмола облыстық «Wiedergeburt» немістер қоғамының «Vitalina» вокалдық студиясының балалары өз шығармашылығымен қуантты, көрермендер армян  тілінде ән шырқаған Эми Погосянды тыңдады. Халық билері украин, әзірбайжан, түрік әуендерімен ауысты.

«Біздің фестиваль – түрлі-түсті жіптерден тоқылған түрлі-түсті кілем сынды, этностардың достығы мен бірлігі-бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі», – деген сөздермен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко мерекенің жалпы әсерін білдірді.