Арыс біз біргеміз!

Арыс қаласында орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Тұрғындарға көмек беру жалғасуда.

Соңғы екі ай ішінде қайырымдылық іс-шаралары барысында Ақмола ассамблеясы жалпы 7 117,0 мың теңгеге қаржылық және гуманитарлық көмек көрсетті, оның ішінде қоғамдық қорға 4 256,0 мың теңге аударылса, 2 861,0 мың теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді.

Акцияға алғашқы болып Ақмола облысының «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Олар 3591,0 мың теңгеге көмек көрсетті. Олардың қатарында Атбасар және Сандықтау аудандарының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы (төрағасы – Д.Асаев) бар. Орталық белсенділері Арыс қаласының тұрғындарына 2 261,0 мың теңгеге 20 тонна ұн жіберді және көмек қорына 930,0 мың теңге аударды. «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ активінен (төрағасы – Г.Яндиев) көмек қорына 300,0 мың теңге түсті. Жеке кәсіпкер, облыстық ассамблеяның мүшесі Б.Евлоев көмек қорына 100,0 мың теңге аударды.

Сондай-ақ акцияға басқа да этномәдени бірлестік басшылары мен активі қатысты. Мәселен, «Бари» армян мәдени орталығы (төрағасы – Н.Магламян) 500,0 мың теңге, РОО «Ақмола облысының әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ филиалы (төрағасы – Н.Шихалиев)153,0 мың теңге, чуваш этномәдени орталығы (төрайымы – Е.Мащинская)150,0 мың теңге, Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы (төрайымы – Т.Медетова)100,0 мың теңге.

Ассамблея мүшелері В.Пак840,0 мың теңге, Ш. Джахуташвили200,0 мың теңге, И. Жангуразов 100,0 мың теңге және басқалары қаржылай көмек көрсетті.