Ақмола облысында және Көкшетау қ. Достық үйлері жанында «Aibyn» әскери-патриоттық клубтары ашылады!

Болашақ отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі өз қолына алды, әрі облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, полиция департаменті, облыстық қорғаныс істері департаменті, Көкшетау қ. жалпы білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайындық оқытушылары өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өткізді.

Көкшетау қ. Достық үйінде және аудандық, қалалық және облыстық маңыздағы «Aibyn» әскери-патриоттық клубтарын құру ісі дөңгелек үстелдің күн тәртібіне айналды.

Іс-шара модераторы, белсенді өмірлік көзқарасы бар адам, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары Умар Шоназаров облыстық, қалалық және аудандық деңгейде осы сынды клубтарды ашудың мақсаты мен күтілетін нәтижелері туралы айтып өтті. «Жастарға арнап әскерилер, құқық қорғау органдарының, арнайы атақтар мен әскери ордендер иелерінің қатысуымен мотивациялық алаң құруымыз қажет, осы жұмысқа үлгі көрсетулері үшін қарулы күштер және құқық қорғау органдарының ардагерлерін тартуымыз қажет, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге жағдайлар жасауға тиіспіз. Ал жастар үшін жаңа белестерді бағындырудың негізгі алғы шарты ерлік істер тарихын сақтау болып саналады. Жастар тарихи естеліктерді сақтау ісіне белсенді қатысып, ардагерлерге көмектесіп, әскери дайындықтың негіздерін меңгерулері керек», – деп түйіндеді өз ойын Умар Файзудинович.

«Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалыс қауымы Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Сағидолда Орынбек, өңірлік филиалдың атқарған жұмысы туралы ақпарат келтіріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Ақмола облыстық полиция департаментінің подполковнигі Аягөз Қалиева негізге аларлық құжат есебіндегі жобаны жүзеге асыруға мүдделі тараптар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасаулы қажеттігіне тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел кездесуі Aibyn» әскери-патриоттық клубтарын құру бойынша өзекті сұрақтарды талқылаудың өзіндік пікірталас алаңына айналды.

Іс-шара қатысушылары үстіміздегі жастар жылы, аталмыш жобаның айрықша мәнге ие екендігі, сондықтан да барлық айтылған ескерту, толықтыру мен ұсыныстарды негізге ала отырып жас жерлестерді толық қамту бойынша жоспарларды іске асыру қажет деген бірауызды пікірге тоқталды. Белгілі орыс мақалында айтылғандай: «Әрбір жаңа бастаған іс өте ауыр, бірақ жалғасы жеңіл бола жатар!».

Бахыт Мухамедрахимова-Тасова, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз-хатшысы.

Фото автордан.