Ән мен бидің мерекесі

17 ақпан күні Бұланды ауданының Макинск қаласында «Благовест» казак халықтық хоры шығармашылығының 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізілді. В. Дзюбин жетекшілік ететін үлкен шығармашылық ұжым бірнеше рет республикалық және облыстық халықтық әндер фестивалдерінің лауреты атанған.

Мерейтой иелерін  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының өкілдері, сонымен қатар Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығының  төрағасы Г. Осиненко құттықтады.

Мерейтойлық іс-шара нағыз ән мен бидің мерекесіне айналды, концертке «Сердало» инғұш ансамблі, Астана қаласының «Раздолье» казак хоры, сонымен қатар қазақ фольклорлы ұжымдары қатысты.

Залға толы көрермен әртістерден өз қошеметтерін аяған жоқ, оларға  халықтық әндерді орындағандары, өнер мен туған елдеріне деген сүйіспеншіліктері үшін зор құрмет білдірді. Іс-шара соңында ұжымның шығармашылық жетекшісі және оның қатысушыларына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Концерт тағы да бір мәрте әннің шекараларды білмейтінін, шығармашылықтың түрлі ұлт өкілдерін жақындастырып, бірлік пен Қазақстанның барлық ұлттарының достығын нығайту ісіне қызмет ететінін көрсетті.