Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Ақмола облысының қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама:– «Ақмола облысының қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі 2013 жылғы 02 мамырда құрылды.
Төрағасы: Экиджи Фатих. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: Қазақстан мен Түркияның қоғамдық ұйымдары мен кәсіпкерлік өкілдіктері арасындағы мәдени, ғылыми және іскерлік өзара қарым-қатынастарды дамыту; мемлекеттік және түрік тілдерін зерделеу; түрік халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша Қазақстан мен Түркияның ақпарат алмасуларына жәрдемдесу; тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды сақтауға және ұлғайтуға жәрдемдесу; түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау және ілгерілету; этномәдени бірлестіктердің қызметіне және әлеуметтік маңызы бар және мәдени жобаларға қатысу.
Ресурстық базасы: – «Қоғамдық келісім» КММ кабинет жұмыс істейді, бірлестік жанында 10 адамнан тұратын белсенді жастар қанаты жұмыс істейді. Көкшетау қаласындағы қазақ-түрік лицейімен ынтымақтастық орнатылды.
Негізгі жобалары: Бірлестік жыл бойы ауқымды қайырымдылық жұмысын жүргізеді. Жыл сайын 21 наурызда қазақтарда да,түріктерде де жылдың басты мерекесі болып табылатын ұлттық Наурыз мерекесі аталып өтіледі. Бірлестік сондай-ақ кітап шығаруға, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға, оқулықтармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді, көптеген жалпы қалалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысады. Жастар қанаты би үйірмесінде сабақтар өткізеді, іс-шараларға және түрлі қайырымдылық акцияларына қатысады. Облыстың этникалық түріктерімен байланыс орнатылып, қалпына келтірілуде.
Жетістіктері: Мемлекеттік наградалары – «ҚХА 20 жыл» медалі, Алғыс хаттары, дипломдары, грамоталары, Түрік елшілігінің «Юнус Амри» алғыс хаты (2014 ж.), түрік елшісі Ибрагим Ульдаримнің құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі.
Байланыс ақпараты:Көкшетау қ., М.Горький к-сі, тел:8(7162)51-64-65 ,8702-112-6547, partiyabirlikaqmola@mail.ru