«Жұмақтың мың күнінен, тірліктің бір күні артық…»

«Жұмақтың мың күнінен, тірліктің бір күні артық» дегендей, Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы өмірден озды. Мен Зере Еспайқызын  Зеренді ауданының сол кездегі Пухальск, бүгінде М.Ғабдуллин атындағы кеңшардың Мейрамбек аға директоры, Зере апай мұғалім, артынан сол кешардың орта мектебінің директор болып тағайындалған күннен бастап білемін. 2014 жылы Зере апамыз Ақмола Халық Ассамблеясының қасында құрылған Аналар кеңесінің төрайымы болып тағайындалған күннен бастап, жұмыс барысында тығыз араласып кетіп ек. Осы жылдар аралығында талай жұмыстарды еңсердік.Аналық жүрекпен адал атқарып шықтық деп білемін. Ұлтымыздың ұлдары мен қыздарының тәрбиесі, отбасы құндылығы мәселесі, жетім балалар тағдыры, патронаттық тәрбиенің маңызы, ұлттық салт дəстүр, жас отбасыларының бүгінгі таңдағы қазақ ұлты үшін алар орны барысында, көптеген іс шараларды ұйымдастырып өткізіп отырдық. Зейнеткерлік жасымызға қарамай талай облыс, аудандарда болып, жасаған жұмыстарымызды, ұлттық тіл тағдырын респулика Аналары алдына мәселе етіп алып шығып отырдық. Ана бір қолымен бесік, екінші қолымен əлемді тарбетеді десек, Зере апайымыз сондай құрметті аналар қатарынан еді. Жасы келседе өзінің мойнына алған ісіне бар жан-тəніменен кірісіп кететін, шаршауды білмейтін, əр кез тек алға ұмтылатын апайымыздың жарық бейнесін есімізде сақтаймыз.

Ендігі бар тілерім Аллам жұмақтан орын нəсіп етіп, иманды болсын демекпін.

Рахимжанова Куляш, Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы