Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубы

Мякота Александра Владимировна

Мемлекеттік ұлттық саясат мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында құзыретті, салмақты ашу мақсатында 2011 жылдың маусым айында Ақмола ассамблеясының жанында республикалық, облыстық, қалалық газеттердің, телевидение мен радиолардың жеке тілшілері мен журналистерінен журналистер клубы құрылды.

Оның негізгі міндеттері журналистердің этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен іскери және ресми емес іс-әрекеттесуі үшін байланыс алаңын ұйымдастыру, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мәселелері бойынша облыс халқының ақпараттандырылуы деңгейін арттыру болды.

Оның отырыстарында шығармашылық идеялармен, жұмыс тәжірибесімен жанды алмасу, этножурналистика саласындағы түсініктік аппаратпен танысу іске асырылады. Осы мақсатта журналистердің алдында облыстық ассамблеяның ғылыми-сараптық орталығының мүшелері сөз сөйлеп, оның қызметіндегі жаңалықтармен бөлісіп, өзара іс-шаралар мен жиналыстар ұйымдастырады.

Осындай жұмыстың арқасында облыстық БАҚ-та этно-саясатты насихаттау жандандырылды, этномәдени бірлестіктер мен Ақмола ассамблеясы іске асыратын көптеген іс-шаралар туралы көптеген материалдар пайда болды.

Этножурналистикаға мамандандырылған журналистер тобын қалыптастыруға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының журналистика саласындағы «Алтын шаңырақ» шығармашылық байқауы да ықпал етеді. Оның қорытындысы бойынша Ақмола ассамблеясының журналистер клубының наурыз айындағы отырысында жеңімпаздарға естелік сыйлықтары мен дипломдар табысталды.