Көкшетау қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-сі қызметкерлерінің, ЭМБ өкілдерінің балаларына арналған жаңа жылдық таңертеңгілік іс-шара өтті

Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен сенбі күні орын алған «Қоғамдық келісім» КММ-сі қызметкерлерінің, ЭМБ өкілдерінің балаларына, «Мөлдір», «Этно» би ұжымдарының мүшелеріне арналған жаңа жылдық таңертеңгілік іс-шарада көтеріңкі көңіл-күйді Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері сыйлады.

Жаңа жылдық дәстүрге сәйкес балаларға қонаққа Аяз ата мен оның әдемі Ақшақары келіп, ал түрлі аңдар бейнесін сомдаған – колледждің жас әртістері өз қалжыңдары, көңілді әндері мен билері арқылы бүлдіршіндерге  көп күлкі  сыйлады. Бақытты балалар шыршаны айнала ән салып, өздері айтқан ән немесе оқыған өлеңдері үшін Аяз атаның қолынан сыйлықтар алды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы, Көкшетау қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәдени-бұқаралық бөлімнің басшысы Найля Сейдалина, барлық жиналған қауымды шын көңілден келе жатқан мерекемен құттықтап, театрландырылған көріністің барлық қатысушыларына жұмсақ ойыншықтар, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жас көрермендер бұл күні өздерімен бірге  «Қоғамдық келісім» КММ-сі табыстаған тәтті сыйлықтарды ғана емес, жаңа 2019 жылдың қарсаңында керемет көңіл-күйді де ала кетті.