«Достар, біздің одағымыз қандай керемет!»

1811 жылғы 19 қазан күні Ресей империясындағы дворяндардың балаларына арналған артықшылықты жоғары оқу орны – Императорлық патшалық-ауылдық лицей ашылып, ол 1918 жылдың 29 мамырына дейін жұмыс істеді. Бұл күн кейін «Лицей күні» ретінде тойланып, онда түлектер «лицейлік түскі асқа» жиналды.

Патшалық лицейдің көптеген дәстүрлерін әлі күнге дейін Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі ұстанып, дәріптеп келеді, 26 жылдан астам уақыт бойы 10-нан 17 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеп, оқытумен айналысады. Лицейдің мақтанышы әрқашан да еліміздің, сонымен қатар Ресейдің, АҚШ-тың, Қытайдың және т.б мемлекеттердің ең жақсы жоғары оқу орындарының студенттеріне айналуда.

Осындай мейірімді дәстүр бойынша, Ақмола облысы орыс қоғамының қолдауымен Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде Лицейшінің күніне арналған «Достар, біздің одағымыз қандай керемет!» атты іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараның бағдарламасында дәстүрлі вальс, А.С. Пушкин шығармаларынан алынған композициялар, оның шығармаларын сахналандыру ұйымдастырылды. Абай мен Пушкиннің байланысы туралы блок ерекше орынды иеленді: Абайдың «Татьяна хаттарын» аударуының үзіндісі көрсетілді.  (Авторы Россолова Фатима Сергеевна)