«Біздің күшіміз бірлікте»

Көкшетау қаласының қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы қоғамдық келісім кеңесі  және Ақмола облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Біздің күшіміз бірлікте» атты тақырыптағы дөңгелек үстелі өтті.

Кездесуді ашқан облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, қоғамдық әлеуметтік бірлік негізінде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы туралы айтып өтті. Өз ойларымен «Науан Хазірет» мешітінің имамы Сәбит Қуаныш және Көкшетау және Ақмола епархиясының епископы Серапионде бөлісті. Олар «Бірлік деген өте маңызды, бұл әрбіріміз сақтап және дамытуға қажет Қазақстанның басты байлығы екенін», –  ерекше атап өтті.  Сонымен қоса халық бірлігін нығайту ісіндегі өздері жүргізіп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясының делегаты, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қиықов М. Қ. өз сөзінде, дін қызметкерлерінің ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан мемлекетіміздегі бейбітшілікті сақтау мен нығайту ісіне қосып отырған үлестерінің зор екенін айтты.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Зере Қиықова, Ел Президенті өз сөздерінде жастармен жұмыс жасаудың маңыздылығын үнемі айтатынына тоқталып, өз тараптарынан аналар кеңесі мүшелерінің оқушыларға, колледж  және ЖОО студентеріне арнап шеберлік сағаттарын, оқыту семинарларын өткізіп тұратындарын жеткізді.

Іс-шара барысында облыстық дін істері басқармасының бас маманы Галина Бессмертная, аталмыш мекеменің бастамасымен Ұлы Отан Соғысының жеңісіне арналған облыс көлеміндегі діни бірлестіктердің өкілдері, балалар арасында ұйымдастырылған «Жеңіс әркімнің жүрегінде» атты суреттер байқауының қорытындысын жариялады. Жалпы байқау екі жас категориясы бойынша өткізілген. Байқаудың қорытындысы бойынша, 10 жасқа дейінгі бүлдершіндер арасында жүлдері орындарды, дипломдар мен сыйлықтарды Клементьева Александра және Мухарская Алиса, 2 орынды Цацук Маргарита, бас жүлдені Анастасия Мартынова иеленді. Ал 11 мен 16 жас аралығындағы балалар арасында үшінші орын Дарья Барышниковаға бұйырса, Ксения Шарук 2 орын, жеңімпаз Никита Коробков атанды.

Облыстық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы атынан, өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы имамы, «Науан Хазірет» мешітінің имамы Қуаныш Сәбит Жұмабайұлына, «Жақиы қажы» мешітінің имамы Халиков Серік Ергебекұлына;  Көкшетау және Ақмола епархиясының епископы Серапионге және ұлы Георгий шіркеуінің діни қызметкері Копнин Константин Борисовичке алғыс хаттар табыс етілді.

Сонымен қоса іс-шараға қатысушылар ҚХАА жастар қанатының мүшелері: Виктория Тё, Диана Тепсуркиева, Екатерина Елисеева, Алина Казбекова, Айнеи Черкиева және Наиль Шарафутдиновтердің еңбектерін де атап өтті.