«Бір ел – бір тағдыр» форумы

27 ақпан күні «Қоғамдық келісім» КММ  Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай және Алғыс айту  күніне арналған «Бір ел-бір тағдыр» атты облыстық форум өтті.

Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаев өз сөзінде Ассамблеяны құрудың бастамасында тұрған және қазақстанның бірлігі мен бейбітшілігін сақтауға үлес қосқан әрбір адамның атын атап өтті.

 Ақмола облыстық ассамблеясының  қазіргі  кезеңдегі қызметі туралы айта келе, облыс әкімі «бұл күнделікті қайтарымы бар, нәтижелі  істерде құрылған жұмыс болуы тиіс екендігін атап өтті. Облыстық Ассамблея біздің азаматтарымыздың, бизнес өкілдерінің туған өлкені дамытуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, «Туған жер» жобаларын іске асыруға қатысуының лайықты мысалдарын көбейтіп таратуы керек. Оның жастарды жұмысқа орналастыру, еріктілер қозғалысын дамыту,  қайырымдылықты ілгерілету, жұмысшы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысына оң баға бере отырып, облыс әкімі іс-шараларды өткізу формалары, «әрқайсысы азаматтардың идеялық бірігуіне, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қызмет етуі тиіс» дегенге назар аударды.

Одан кейін облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелері марапатталды. Қиықов Мейрамбек, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды, ал облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Қиықова Зереге Ассамблеяның «Бірлік»  алтын медалі табыс етілді. Облыс әкімінің алғыс хаттарымен ҚХАА сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Ементаева Үкіжан, «Үкілім-ай» қыздар клубының жетекшісі Айтқожина Жанар, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің поляк тілінің оқытушысы Крупельницкая Наталья марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Б. С. Жанәділов, Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қоғамы ҚБ мүшесі Л. С. Хаврушина, ҚХАА  «Жаңғыру жолы»  жастар қозғалысының төрағасы Әбутәліпбов А. және т. б. сөз сөйлеушілер  Елбасы мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ұстанған бағыттарына  қолдау білдіріп, этносаралық келісімді нығайтқаны, өскелең ұрпаққа төзімділік, достық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырғаны үшін қазақ халқына және этностарға алғыстарын білдірді. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.