Ақмола облысы поляктар бірлестігінен «Рождестволық хикая»!

«Ақмола облысының поляктар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің белсенді қызметі туралы өңірімізден тыс жерлерге де белгілі.

Бұл жолы да келер 2019 жыл қарсаңында кәсіби ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Осы жылдың есте қалар іс-шаралар қататын «Жақсылық жолымен» акциясы аясындағы Көкшетау қаласы Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленуші балаларына арналған «Cristmas Party» атты қайырымдылық акциясы мен мерекелік «Рождестволық хикая» іс-шаралары толықтырды.

Поляк бірлестігі жастар қанатының мүшелері төртінші жыл қатарынан Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына арнап театрландырылған көріністер қойып, жұмсақ ойыншықтар, тәтті сыйлықтар беріп келеді. Бұл шараны асыға күтетін Орталық тәрбиеленушілерінің кездесу сәттеріндегі қуаныштарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, олардың көбі ерте жастан ата-ана тәрбиесінен айырылып өмірдің қиындығына тап болған.

Айте кетерлігі, 1 наурыз Алғыс айту күні Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары Достық үйіне қонаққа келсе, маусым айының бірінші күні поляктар бірлестігінің өкілдері сыйлықтарымен, концерттік бағдарлама даярлап жақсы көңіл-күй сыйлау үшін Орталыққа барады.

Бұл жолы да тәрбиешілерімен бірге қонақжай Достық үйіне келген 18 бала концерттік бағдарламаны тамашалып, кезекті рет керемет сыйлықтар алды.

Жаңа жыл қарсаңында 2018 жылы жүргізген қарқынды жұмыстары үшін поляк орталығының белсенділері және «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің оқытушылары мен оқушылары да алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Мысалға поляк тілінің оқытушысы Наталья Крупельницкая ҚХАА қызметін қорытындылауға арналған салтанатты іс-шарада Ақмола облысы әкімі атынан грамота алды.

ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, поляк ҚБ төрағасының орынбасары, әрдайым белсенді Людмила Суховецкаяның жетекшілігімен поляк бірлестігінің қызметін қорытындылау, үздіктерді марапаттау, концерттік бағдарлама мен театрландырылған көрініс қоюдан бөлек бірлестік өкілдері сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесін де ұйымдастырды.

Көптеген іс-шараларды ұйымдастыру ісінде қолдау көрсеткендері үшін «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» ҚБ төрағасы Александр Суховецкий ҚХАА Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямовқа және Көкшетау қаласы Достық үйінің басшысы Манат Исмағұловқа өз алғысын білдірді.