Ақмола облысы Ассамблеялықтары кезекті рет мүгедек-баланың анасына көмектесті

Көкшетау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы және ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің өткізген «Қайырымды Ақмола» қайырымдылық акциясы туылғаннан бері қос жанарының глаукомасымен науқастанған 13 жасар Оралсын Құлтаевтың анасына үлкен үміт сыйлады.

ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қайырымдылық акциясы барысында жиналған қаражатты аталмыш жанға табыстады.

Көкшетау қаласының тұрғыны Динара Мадогулованың айтуынша, 2006 жылы оның ұлына сол көзі глаукомасы өткір ұстамасы деген диагноз қойылды. Бірнеше ота жасалды, ұзақ мерзімді емделу шаралары өз нәтижелерін берген жоқ. 2018 жылы Астана қаласындағы көз ауруларының Қазақ ғылыми-зерттеу институтында оның ұлынның сол көзін алып тастау бойынша ота жасалды. Қазіргі уақытта оған алып тасталған сол көзінің профилактика жасау мақсатында протездеу және сау оң көзіне аурудың берілуін болдырмау бойынша емдеу шаралары қажет. Өз басына түскен қиыншылықты айта отырып, әйел адам көз жасына да ерік берді. Анықталғандай, ол қазіргі таңда жатақхананың бір бөлмесінде тұратын көрінеді, баланың әкесімен ресми түрде айрылысқан. Динара Ермекқызының  екінші ұлы алты жасар Олжас та мүгедек болып саналады.

Ананың басына түскен ауыр сынға жанашырлық танытып, науқас баланың емделуіне қаржылай қолдауларын облыстың этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Ақмола облысының Іскер әйелдер кеңесі мүшелері (басшысы Гүлмира Құсайын),  «Кокше-электромонтаж» ЖШС (басшысы Омар Саржігітов)  сынды тұлғалар көрсетті. Іс-шараға белсенді қатысқан этномәдени бірлестіктердің ішінде: «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александра Артеменко, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ Мейрамбек Қиықов, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ Норик Магламян, «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-инғұш қауымы» ҚБ Герихан Яндиев (ҚХАА төрағасының орынбасары) болды. Қала белсендісі, ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тыныштық Ахметова жеке өзі науқас балаға он мың теңге мөлшерінде көмек жасады.

«Қоғамдық келісім» КММ қонақжай дөңгелек үстелінің басында Динара Мадогулова қайырымдылық акциясы қатысушыларына жетімдер үйінің тәрбиеленушісі ретінде, оған өмірдің қандай қиындықтарын бастан өткізгендігі туралы тарихын айтып берді. Ассамблеяшылар сынды жанашыр, өзгенің ұиыншылығына бейжай қарамайтын жандардың арқасында, оның бойында жаңа үміт оты тұтанып, ертеңгі күніне деген сенімі күшейді.