Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы этнографиялық сағат Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және өңірдегі корей ұлтына арналды

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен этнографиялық сағатқа студент жастар, мектеп оқушылары, Көкшетау қаласының шығармашыл зиялы қауымы, облыстың этномәдени орталықтарының өкілдері, БАҚ қатысты.

Іс-шараның мақсаты – егеменді Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың бірі саналатын корей ұлтының мәдени мұрасына көпшілік назарын аударту және таныстыру болып саналды.

Іс-шара басында музей қызметкері Светлана Юдина заманауи Қазақстанның тарихы залының «Елбасы және Тәуелсіздік» атты жаңа экспозициясымен таныстырды. Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған мемлекеттің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  –  тұлғалық қалыптасуын, оның қарапайым жұмысшыдан саяси қайраткер, әлемдік қауымдастық мойындаған Ұлт көшбасшысына айналуын көрсететін мұрағаттық құжаттар болды.

Іс-шараға жиналған қауымды корей мәдениеті әлемінің беймәлім беттерімен және тарихымен «Чинсон» корей мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Людмила Лим таныстырды.

Людмила Константиновнаның айтуынша, Қазақстанда 100 мыңнан астам корей ұлтының азаматы тұрады, Ақмола олысында – 1421 адам, ал Көкшетау қаласында 336 адам өмір сүреді.

«Чинсон» сөзі корей тілінен аударғанда ізгі ниет, шынайы бағыт деген мағыналарды білдіреді. «Чинсон» орталығының белсенді-бастамашылар тобы корей мәдениетін дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде және бұл үшін  барлық қажетті жағдайлар жасалған. Көкшетау қаласының Достық үйінде біздің өз кабинетіміз ғана емес, сонымен қатар корей тілін меңгеруге мүмкіндік беретін сынып та жұмыс жасайды, бұл жердегі сабақтарға арасында корей ұлтының өкілдері болып табылмайтын жандар да бар 70-тен аса мектеп оқушысы қатысады. Оқушыларға тек қана корей мәдениеті емес, тарихы, асханасы ұнайды, әрі олардың көбісі Оңтүстік Корея еліне оқуға баруды армандайды. Балалар Достық үйінде халықтық би өнерімен айналысады, заманауи «крор» стилінде де билейді, одан бөлек «Самульнори» дәстүрлі барабандарда ойнау бойынша да сабақтар басталды», – деп әңгімесін жалғастырды Людмила Лим.

Бұл күні іс-шара ұйымдастырушылары – облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері, интерактивті саяхат жасау арқылы ақмола өңірінің корейлік заматтары туралы слайд-ақпарат көрсетіп, білім беру мекемелерінің оқушыларымен квест-ойын өткізді. Қойылған сауалдардың арасында: «Біздер корей халқы және «корей мәдениеті» ұғымдарымен қандай ассоциацияларды байланыстырамыз?», «Әйгілі корей музыкалық топтарын атаңыз?», «Корей халқының тарихи отанын қалай атайды?», «Кәрістер неліктен өз елдерін таңғы самал елі деп атайды?», – деген сұрақтар болды.