ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің қызметі туралы ақпарат

Облыста 105 аналар кеңесі жұмыс істейді,оның ішінде 1 – облыстық, 1 – қалалық, 16 – аудандық, 87-ауылдық, оған 60-тан астам орталық, үйірмелер мен клубтар кіреді. 2019 жылдың басынан бастап аналар кеңесі 10 000 адамды қамтыған 359 іс-шара өткізді.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары – отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасы мәртебесін арттыру және қыздарды тәрбиелеудің үздік тәжірибесін, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін тарату. Олардың қатарында аудандық Аналар кеңесінің отырысы, ҚХАА аналар кеңесінің облыстық форумы, отбасы институтын нығайтуға және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын насихаттауға бағытталған әр түрлі этностардан тұратын жас отбасылар байқауы, қайырымдылық акциялары, қыздарға арналған «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер жасаймыз», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Жақсы отбасы-табысты адам» шеберлік-сабақтар топтамасы, сенімді әңгімелесу форматындағы кездесулер және т. б.

2019 жылы облыста 4 аудандық Аналар кеңесі ашылды (Ақкөл, Егіндікөл, Жақсы, Шортанды аудандары).

А. ж. қаңтар айында облыстық Аналар кеңесімен Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  «Балқадиша» қыздар клубы ашылды

 2019 жылдың маңызды іс-шаралары:

Ағымдағы жылдың 15 мамырында облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаевтың төрағалығымен Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің облыстық форумы өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі республикалық акция аясында ү. ж. 28 маусымында «Арыс балаларына» қайырымдылық акциясын өткізді. Оның аясында Арыс қаласының көп балалы аналарына арналған жаңа киім-кешек, аяқ киім, гигиеналық құралдар, төсек-орын жинақтарын жинау ұйымдастырылды.

Көкшетау қаласының №6 «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушілері өз қолдарымен Арыс қаласының балаларына арналған қолөнер бұйымдары және бояулы суреттер жасады.

Акция нәтижесінде гуманитарлық қоржындар құрылып, Арыс қаласының балаларына ізгі тілектермен акция қатысушыларының бейне үндеулері дайындалды.

12 шілде күні Аналар кеңесі қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған поэтикалық эстафетасының республикалық акциясын алғашқылардың бірі болып қолдады. «Мәншүк» қыздар клубының жетекшісі А. Жазиева мен оның оқушылары қазақ классигі туралы кеңінен мағлұмат берді. Жас ұрпақ Абай шығармаларын біледі және жақсы көретіндігі қуантады.

Сонымен қатар, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі Көкшетау қаласының туған күніне орай «Құрақ көрпе fest» акциясына белсене қатысты. Біздің қала тұрғындарының қолдарымен жасалған он алты шақырым көрпеде біздің шеберлердің де үлесі бар. Аналар кеңесінің мүшесі. У. Ементаева көрпе жұмысы қалай жүріп жатқанын және көрпе суретінде түрлі түстерді қалай бейнелейтіндігімен  бөлісті.

А. ж. қыркүйек айында Отбасы күні аясында 50 жыл бірге өмір сүрген отбасыларға құрмет көрсетілді. Оларға «Махаббат пен адалдық үшін» медалі табыс етілді.

2019 жылғы 20-21 қараша аралығында Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің қолдауымен Қазақстанның этномәдени бірлестіктері қатарынан жас отбасылардың қатысуымен «Дәстүрді сақтай отырып» атты республикалық фестивалі өтті.

Ақмола облысын фестивальде Зеренді ауданының тұрғындары  Сонгиндер жас отбасы таныстырды. Рүстем-поляк, оның жұбайы Сезім қазақтың қызы,  олар көрермендерге поляк Рождество мерекесіннен үзінді көрсетті. Фестиваль ұйымдастырушылары оларды дипломмен және ноутбукпен марапаттады. Отбасылық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі үшін Зеренді ауданының Аналар кеңесінің төрайымы К. С. Рақымжанова дипломмен марапатталды.

А. ж. 11 желтоқсанында Целиноград ауданының Ақмол ауылында аудан басшылығының, ауданның құрметті азаматтарының, еңбек ардагерлерінің, ауылдық округтер аналар кеңестері төрайымдарының, көп балалы аналардың қатысуымен «Ана – отбасының берекесі»  аудандық Аналар кеңесінің форумы өтті.

Іс-шара барысында 16 белсенді анаға аудан әкімі М. С. Таткеевтің алғыс хаты табысталды.

2019 жылы науқас балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі 12 қайырымдылық акциясын өткізді, оның нәтижесі бойынша 10 млн.теңгеден астам қаражат жиналды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі» жобасын іске асыруда, оның мақсаты отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасы мәртебесін арттыру және қыздарды тәрбиелеудің үздік тәжірибесін, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін тарату. Жоба аясында «Мәншүк», «Айғаным», «Сырғалым», «Шаңырақ», «Абай», «Үкілім-ай», «Еркеназ» және т.б. қыздар клубтары ашылды. Клубтарда өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлерімен дәрістер, мамандықты саналы таңдау, өмірлік табыс негіздері бойынша шеберлік-сабақтары, семинарлар, жеке басының өсуі бойынша тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі облыстық Аналар кеңесімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен облыстың аудандары мен қалаларына көшпелі іс-шаралар. Іс-шаралар барысында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қатысушыларды негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды, аналар кеңесінің мүшелерімен кездесулер өткізді, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

2019 жылы республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-да облыстық Аналар кеңесінің қызметі бойынша 117 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 99 жарияланым орналастырылды, облыстық «KÓKSHE» телеарнасында 13 сюжет шығарылды.