Аналар форумы

А. ж. 11 желтоқсан күні Целиноград ауданында «Ана – отбасы берекесі» атты аудандық Аналар кеңесінің форумы өтті.

Оның қатысушылары сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған көрмені тамашалады.

Аудан әкімі М. С. Таткеевтің, ауылдық аналар кеңестері төрайымдарының баяндамаларының негізі отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі, ананың отбасын нығайтудағы рөлін арттыру тақырыбы болды.

Шара соңында көп балалы аналар, еңбек ардагерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.