Ән – халықтың жаны!

Жексенбі күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Песня – душа народа» атты орыс, славян және казак әндерінің II республикалық байқау-фестивалі ел өңірлері мен Ақмола облысының 19 шығармашылық ұжымының, 150-ден астам қатысушының басын біріктірді.

Шараны ұйымдастырушы ҚХАА-ның, «Қоғамдық келісім» КММ-нің, ішкі саясат басқармасының қолдауымен  Геннадия  Осиненко төрағалық ететін «Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола облыстық филиалы болды.

Талантты әрі шығармашыл әртістерді ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жылы қарсы алды.

Ән орындаушыларының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жетқан, рухани өмірдің бір бөлігіне айналған, қуатқа толы әндеріне қошемет білдіріп, қолдау көрсететін көрермен қауымның қарасы бұл күні қалың болды.

Құрамына Дала казактары одағының атаманы Николай Коваленко, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова, Ақмола облыстық филармониясының концертмейстері Галина Колесникова және т.б кірген қазылар алқасының алдында үздіктердің арасынан ең үздігін таңдауды талап ететін қиын міндет тұрды.

«Черноглазая казачка» және  «Как за Доном, за рекой» әндерін орындаған Қарағанды қаласының «Казачья вольница» шығармашылық ұжымы барлық көрермендердің жылы ықыласын иеленіп байқау-фестивалдің жеңімпазы атанды. Екінші орынға Щучинск қаласынан келген «Казачий стан» халықтық ұжымы лайық деп танылды. Үшінші орынға «Атаман молодой» және  «Соловушка» әндерін орындаған Алматы қаласының «Рябинушка» ансамблі тұрақтады.

Сауле Лаубаева, Анастасия Ушакова (Көкшетау қ. Достық үйінің вокалды студиясы), Виктор Овсянниковтар (Дала казактары одағының Щучинск филиалы) республикалық байқау-фестивалінің үздік жеке орындаушылары ретінде танылды.

Бұдан бөлек байқауда Целиноград ауданының «Малиновка» халықтық хоры, Бұланды ауданынан «Благовест» казак халықтық хоры, Теміртау қаласының «Калинка», Астана қаласының «Раздолье» және Аршалы ауданынан келген Василий Зеленый атындағы халық ансамблдері сынды ұжымдар және басқалар өздерінің өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар жиналған жұртшылықтың ерекше қошеметіне Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары бірлестігінің «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі ие болды.

Байқау-фестиваль  қатысушыларын марапаттау рәсіміне қатысқан  ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко және «Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола облыстық филиалының төрағасы Геннадий  Осиненко әртістерге ҚХАА және «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

«Песня – душа народа» сынды үлкен мерекелі ән байқауынан әсер алмау қиын. Баршамыздың орыс, славян және казак әндерінің үшінші, тіпті төртінші фестивалдерінде тағы да жолығатынымызға мен сенімдімін!», – деп өз ойын түйді кеш соңында сөз алған Владимир Карпович.

Бақыт Мухамедрахимова-Тасова.

Автордың фотосы