«Ән – халықтың жаны» фестивалі

2019 жылдың 10 қарашасында Көкшетау қаласының Ақмола облыстық филармониясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының ұйымдастыруымен «Ән – халықтың жаны» атты орыс, славян және казак әндерінің ІІІ республикалық фестивалі өтті.  Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарынан 20-дан астам шығармашылық ұжым мен қоғамдық бірлестіктердің жеке орындаушылары қатарынан барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Фестивальдің мақсаты – көркемөнерпаз шығармашылығын дамыту, Қазақстан халқының бірлігі мен достығының идеяларын насихаттау.

Фестиваль қатысушылары алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы В.К. Божко, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі, М. Ю. Тохаева сөз сөйледі.

Одан кейін сахнаға бірінен кейін бірі, ұлттық киімдерге ауыстыра отырып, хор ұжымдары, ансамбльдер, дуэттер, солистер шықты.   Залда отырған көрермен әрбір қойылымды ду қол шапалақпен қарсы алды. Қатысушылар орыс, казак халық әндерін орындалды. Ал залдағы қауым оларға таныс әуендер мен әндерді қосыла шырқады. Ұжымдардың мемлекеттік тілде өнер көрсетуі көрермендерді таң қалдырды.

Әртістердің өнер көрсетуін алты номинация бойынша мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатарынан құрылған қазылар алқасы бағалады. Ән мерекесі көрерменге толы болып, әркімге ұмытылмас әсер сыйлады. Фестиваль барлық қатысушылардың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды

«Мемлекеттік тілде орындау» номинациясы бойынша Көкшетау қаласының «Русская песня» ансамблі үздік ұжым болып танылды, олар бірінші дәрежелі дипломмен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының бағалы сыйлығымен марапатталды.

«Хорлар» және «Вокалдық-хореографиялық топ» номинациясы бойынша Нұр-сұлтан қ. орыс және казак әндерінің «Раздолье» халықтық ансамблі, «Ансамбльдер» номинациясы бойынша – Павлодар облысынан келген «Иртышские казаки» халықтық казактар ансамблі, «Дуэттер» номинациясы бойынша – құрамында М. Кулишевич пен В. Малович бар  Қарағандылық дуэт,  «Солисттер» номинациясы бойынша М. Кулишевич жеңімпаз атанды.

Жүлделі орындарға ие болған барлық ұжымдар мен солистер I, II және III дәрежелі дипломдармен және фестиваль ұйымдастырушыларының естелік сыйлықтарымен марапатталды.