Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі

Төрайымы – Қиықова Зере Еспайқызы

Аналар кеңесімен 2014 жылдан бастап «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі» жобасы жүзеге асырылып келеді, оның мақсаты – отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау және дамыту, отбасы дәрежесін арттыру және қыздарды тәрбиелеудің ең жақсы тәжірибесін, отбасылық тәрбиелеудің этномәдени салттарын тарату.

Жобаның аясында өңірлік білім беру мекемелерінде, ЖОО-да, кітапханаларда 11 қыздар клубы ашылды. Клубтар туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, патриотизмке, өз халқының мәдениетіне деген құрметке, үй шаруашылығын жүргізуге, қолөнерге, ас дайындауға үйретеді. Ол жерде қаланың және өңірдің танымал қоғам қайраткерлері дәрістер оқиды, мамандықты саналы таңдау, өмірлік жетістіктердің негіздері бойынша шебер-сағаттар, сонымен қатар жеке тұлғалық даму бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіліп, онда халықтың дәстүрлеріне және аға буын өкілдеріне құрметпен қарауға үйретеді. Қыздар клубтарында басты құндылықтардың сабақтастығы бойынша патриоттық жұмыс қалыпқа келтірілген: өз еліне деген махаббат соқыр тәнті болуға емес, оның мәнін түсінуге, оған қамқорлық жасауға, демек, өзін жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге негізделеді.

Аналар кеңесінің «Мейірімділік жолымен», «Мектепке барар жол», «Көңіл-күй сыйла» қайырымдылық акцияларының нәтижесі көмек алған риза ата-аналардың бақытты болуы. Осы акциялардың арқасында біздің өңірдің көптеген балалары денсаулықтарын жақсарту мүмкіндігіне ие болды.