«1001 мақал, 101 жұмбақ» зияткерлік ойыны

А.ж. 28 ақпан күні «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар аясында ҚХАА жанындағы мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау орталығынң ұйымдастыруымен  «1001 мақал, 101 жұмбақ» зияткерлік ойыны өткізілді.

Іс-шара Көкшетау қаласының оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында өтті.

Зияткерлік ойынға №6 мектептің «Достық», №10 «Бірлік», №13 «Ынтымақ», №4 «Болашақ», №15 «Сұңқар» және гуманитарлық – техникалық  лицейінің «Ынтымақ»  аталатын алты топ қатысты.

Ойынға қатысушылар  «Таныстыру», «Мақалшылар сайысы», «Жұмбақшылар сайысы», «Кім жүйрік» атты төрт кезеңде бақтарын сынады.

Ойын көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Оқушылар жақсы білімдерін көрсетті.

Көкшетау қаласының ГТЛ «Ынтымақ» тобы ойын жеңімпазы атанып, сәйкесінше екінші орынға «Сұңқар», үшінші орынға «Бірлік» топтары тұрақтады.

Қалған үш топ «Білгірлер», «Ұшқырлар» және «Зейінділер» деген номинацияларда марапатталды.

Жеңімпаздар «Қоғамдық келісім» КММ атынан дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Кеште мектеп оқушыларының орындауында Абайдың өлеңдері оқылды.